Қоғам

ЛАЙЫҚТЫ КАНДИДАТ

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ІХ съезінде билік партиясы атынан Қасым- Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды.Бұл өте құптарлық жайт. Өйткені, Қасым-Жомарт Кемелұлы қай кезде болмасын Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қасынан табылып, Елбасының үлгі-өнегесін көрген ойы орамды, білімі бекем жан. Ол сөз бастайтын шешен, қол бастайтын көсем болуға, яғни Қазақстан сияқты өркениетті мемлекетті бақаруға лайықты жан.
Біз Қазақстан халқы Тоқаевқа толық сенеміз. Қасым-Жомарт Кемелұлын бес тілді еркін меңгерген кемел саясаткер ретінде танимыз. Наурыз айынан бастап ел басқарған уақытында саясаткерлігімен қатар, өзге де қырларынан таныла білді. Ол -тәжірибелі саясаткер. Тәжірибелі саясаткер болғандықтан кез-келген мемлекетпен қарым-қатынасты дұрыс жасай алады. Ол ҚР президенттігіне дейін министрліктен бастап, сенат төрағасы лауазымына дейін көтерілген жан.Әлем саясаткерлерінің арасында да танымал. Еліміз үшін тұрақтылық пен татулықтан артық еш нәрсе жоқ. Шындығында, осы уақыт ішінде еліміз гүлденді, өркениетті елдермен теңесті. Озық дамыған отыз елдің қатарына ұмтылатын дәрежеге жетті. Сондықтан да елімізге Қасым-Жомарт Кемелұлындай тәжірибелі саясаткерлер қажет. Оның алаш жұрты, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін жақсы білетіндігіне бек сенімдіміз.

Б.ЕЛІКБАЕВА,
Іле ауданы орталық ауруханасының мейірбикесі,көп балалы ана

0

«Sport FEST Kazakstan» Спартакиадасы

Алдыңғы ақпарат

Талдықорғанда қазақ мәдениетін әлемге таныту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *