Без рубрики

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

Коронавирус инфекциясы — бұл вирустық ауру, адамға жоғарғы тыныс жолдары мен асқазан-ішек жолдарына әсер етеді. Коронавирустар ұзақ уақыт бойы төмен температураларға шыдайды — 70 ° C және 10 жылға дейін төзімді болып қалады, қыста және көктемде инфекция таралуы жоғары болады, бұл вирустар дезинфекциялаушы мен спиртті заттар, ультрафиолет,  + 57 ° C жоғары температурада әсер еткенде өледі.

Берілу жолдары.

Вирус ауру адамнан ауа тамшылы, тағам арқылы (дұрыс жуылмаған көкөністер мен жемістер, жеткіліксіз өңделген ет, жуылмаған қолдар арқылы), тұрмыстық-қатынас арқылы (есіктің тұтқалары, қоғамдық транспорт тұтқалары және т.б. арқылы) беріледі.

Белгілері.

Науқаспен байланысқаннан кейін 2-3 күннен кейін әлсіздік пайда болады, басы орташа қалыпта ауырады, жұтқан кезде ауырсыну, түшкіру, айқын түрде мұрын бітелу, мұрыннан су ағу болады. Бұл ауру белгісіз өтеді немесе мынадай белгілер болады дене қызуы (жоғары қызба) көтеріледі, жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы, құсу, диарея, басы орташа қалыпта ауырады, мұрын бітелу, мұрыннан су ағу болады, қалтырау, тамақта ауырсыну, жұтынуының қиындауы, зәр шығару мен жүрек қан-тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі сияқты белгілер болады. Аурудың ауыр жағдайларында пневмония, тыныс алу, жүрек, бүйрек немесе көптеген мүшелер қызметінің бұзылуы өлімге әкелуі мүмкін. Инкубациялық кезең – 2 күннен 14 күнге дейін.

Коронавирус инфекциясы және оның асқыну қаупі жоғары адамдарға мыналар жатады:

• Мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары, жасөспірімдер, студенттер, жастар;

•  Медициналық қызметкерлер;

•  Ауруханадағы науқастар, жақында госпитализациядан өткен адамдар;

• Қарт адамдар;

• Иммунитеті төмен адамдар;

• Жүрек қан-тамыр аурулары, тыныс алу жүйесінің патологиялары және қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастар;

• Қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және тыныс алу жүйесінің аурулары бар адамдар;

• Үй жануарларымен, малдармен байланыста болатын адамдар.

Диагностика.

Егер коронавирус инфекциясы күдікті болса, жұқпалы аурулар бойынша маманның кеңес беруі міндетті болып табылады, мекен жайы бойынша оториноларинголог, терапевт, педиатр және жалпы тәжірибелік дәрігер, пульмонолог – өкпе зақымдану белгілері пайда болғаннан кейін, гастроэнтеролог – гастроэнтериттің қатысуымен.

Қанды  диагностика үшін таңертең әрі жылдам аш қарынға тапсырған жөн, өйткені науқас тамақтануым керек деп шағымданады. Қанды тоқ қарынға тапсырмау керек, өйткені қан құрамы өзгеріп, дұрыс диагноз қоюға теріс әсер етеді.

Инфекцияның диагностикасы зертханалық және аспаптық әдістермен жүзеге асырылады, соның ішінде:

• Инфекция қаупін соңғы 2 аптада адамдармен және жануарлармен болған сапарлар мен байланыстар туралы мәліметтер, пайдаланатын көлік түрлері, тағамды пайдалану, кальян қолдану, асқазан-ішек жолдарының аурулары, медициналық мекемелерге бару және басқа факторлар туралы ақпарат;

•Физикалық тексеру (жоғары тыныс жолдарын тексеру, өкпе аускультациясы және перкуссиясы, лимфа түйіндерін тексеру, температура өлшеу, артериялық қысымды, пульсті, дене салмағын, бойын өлшеу және т.б.)

• Жалпы қан анализі;

• Қанның биохимиялық анализі;

• Вирусологиялық әдістер;

• Молекула-биологиялық әдістер (ПТР);

• Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстарын анықтауға арналған (ЭКГ);

• Өкпенің зақымдалу дәрежесін анықтау үшін рентгенография, томография;

•Асқынулар болған кезде зерттеудің басқа әдістері.

Диагностикалық зерттеулер үшін қан, зәр, мұрын және ауыз қуысынан жағынды, қақырық және т.б. алынады.

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар, диарея түрінде өтетін жеңіл түрдегі коронавирусты инфекциясы, учаскелік дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігерінің, педиатрдың бақылауымен үйде емделеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрумендерді ішіп, ауру болса дәрілерді өз уақытында қабылдау, күніне кемінде 5 рет тамақтану керек, күнделікті рационға ет, тауық еті, балық еті, көкөністер мен жемістер, сүт және айран өнімдерін қосу керек, үнемі дене жаттығулар жасау, тұйық болмау қажет, стрессті басқару қажет, профилактикалық екпелер алу керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес екпе алу, жыл сайын қыркүйек, қазан айларында тұмауға қарсы, қызылшаға қарсы екпелер алу қажет.

Дәрігерге бару және госпитализация мына жағдайларда қажет:


• Егер ауыр жіті респираторлық синдром (ТОРС) немесе SARS,сонымен қатар Таяу Шығыс респираторлы синдром немесе MERS ауру ауыр түрде күдік болса (ересектерде жоғары қызба, құрғақ жөтел, артериялық қысымның төмендеуі, құсу, іш өту, тыныс алу қиындауы, ентігу 3-10 күн бойы, балаларда жоғары қызба, жөтел, тыныс алу кезінде көкіректе ауырсыну, құсу, іш өту 2-5 күн бойы болса) дәрігерге бару;
• егер науқас бұрын SARS немесе MERS аурулары анықталған медициналық мекемеде болса;
• SARS және MERS қоздырғыштарын диагностикалық әдістермен анықтау кезінде;
• пневмония белгілері пайда болған кезде.

Емі.

Көп тек қайнаған сұйықтық ішіңіз, учаскелік дәрігердің кеңесімен иммунитет күшейтетін препараттар қабылдау.

Коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлы-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау қажет. Коронавирусты инфекция емделеді. Дәрігердің тағайындауын орындау, емделу, өзін және басқаларды осы инфекциядан қорғану сауығудың шарты.

Алдын алу шаралары.


• ауру адамдармен, сонымен қатар мал және үй жануарларымен  тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;
• қолды сабынмен жиі жуыңыз, содан кейін антисептикпен өңдеңіз;
• көзге, мұрынға, бетке тигізбеңіз;
• жеткілікті термиялық өңдеуден өткен ет, аршылған шикі көкөністер мен жемістерді жеу қажет;
• тек қайнатылған су, шай, кофе ішу қажет;
• халық көп жиналатын жерлерде, ауруханаларда медициналық маскаларды (бетперделерді) қолданыңыз;
• сау адамдармен сөйлескенде, жөтелгенде және түшкіргенде кемінде 1-2 м қашықтықты ұстаңыз, бір реттік бет орамалдарды қолданыңыз, бейтаныс адамдармен байланысын шектеңіз;
• коронавирустық инфекцияның таралуы жоғары елдерге барған кезде халық көп жиналатын жерлерде (бетперделерді) қолданыңыз, және үй жануарларымен  тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;

• үйде отыру керек.

Қашан жедел жәрдем (103) шақыру керек?

Егер тұрақты жоғары температура, жөтел, мұрын бітелуі, ентігу, іш өту, дәм сезу жоғалуы сияқты ауыр белгілер байқалса, жедел жәрдем шақыру (103)керек.

Н. Дюсебинова

Дәрігер инфекционист

Іле аудандық орталық ауруханасы

0

Поощрение лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения

Алдыңғы ақпарат

СО СВЕТЛОЙ ПАСХОЙ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *