Рухани жаңғыру

КИРИЛЛИЦАДАН КӨШУ –  БАТЫЛ ҚАДАМ

Елімізде латын әліпбиіне көшу жайында көп айтылып біршама уақыт халықтық талқылауға салынды. Сан түрлі пікірлер, ұсыныстар айтылды, әліпбидің қолдануға лайық түрлі жобалары жасалды қалай болғанда да ел үшін тиімді тұстарына жете көңіл бөлінді. Көптен күткен сәт те келіп жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын әрпіне көшу туралы Жарлыққа қол койды. Сөйтіп, қазақ халқы сонау 1940 жылға дейін қолданған латын әрпіне қайта оралды .

Бұл – уақыт талабы, заман талабына ілесу үшін біз барлық жағынан өзгеруіміз қажет. Әлемдегі 3 миллиардтан астам халық латын әліпбиін қолданады. Дүниежүзіндегі ғылыми еңбектердің, технологиядағы соңғы жетістіктердің 90 пайызы латын әріптерімен, яғни ағылшынша жазылады. Демек, өркениетті дамыған елдердің қатарына қосылып белсенді болу үшін заман талабы ағылшын тілін білуді қажет етуде.

Латын әрпіне көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілген, әлі де жүргізіле беретін қолданысқа енгізу барысында кейбір өзгерістер болатыны да анық. Еліміз әлемдік ғаламторлық және ақпараттық кеңестікке еніп, өткенді тануға, тарихи негізге жақындай түсті.

Қадамымыз сәтті болсын!

В. ТЕМИРБЕКОВА

0

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ІЗДЕНІС, ДАЯРЛЫҚ

Алдыңғы ақпарат

МЫ В ТВОРЧЕСТВЕ ДРУЖНЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *