Без рубрики

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 6-ға жетті

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы бойынша 2020 жылы 15 сәуірде «COVID-19» жұқпасының 1 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру кезінде науқаспен тығыз қарым қатынаста болған 53 адам анықталды. Барлық 53 адам карантиндік госпитальға жатқызылды. Барлығынан мұрын және жұтқыншағынан биоматериалдары алынып, облыстық зертханаға жолданды. 2020 жылы 17 сәуірде зертханалық қорытындылары шығып, нәтижесі бойынша 5 адамнан «COVID-19» жұқпасы анықталды.
Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 6 науқас тіркелді.
Бұл науқастар Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының инфекциялық госпиталіне жатқызылды.
2020 жылы 17 сәуірде анықталға 5 науқаспен тығыз қарым қатынаста болған 26 адам және потенциалды байланыста болған 13 адам анықталды. Барлығы 39 адамнан мұрын және жұтқыншағынан биоматериалдары алынып, облыстық зертханаға жолданды. Нәтижелері күтілуде. Байланыста болған адамдар карантиндік госпитальға жатқызылды.
6 науқаспен қатынаста болған 92 адам, оның ішінде 69 тығыз қарым қатынаста, 23 потенциалды карым қатынаста болған.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең үлкені – 35 жаста, ал ең кішісі – 3 жаста.
Еске салсақ, бүгінгі күнге Алматы облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 37-ге жетті, ал жазылып шыққандар – 8 адам.
Барлық тіркелген ошақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0

Бизнесмен помог родному селу в Алматинской области

Алдыңғы ақпарат

Вниманию жителей Алматинской области!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *