ЖаңалықтарҚоғам

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ АПАРАР НЫҚ ҚАДАМ

Жуырда Елбасы Н. Назарбаев халқын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдады. Осы Жолдауды біздің аудандық сот мекемесінде сот қызметкерлері жəне судьялары кеңінен талқылап, Жолдауға қолдау білдірді.

Елбасы Н. Назарбаев осы кезекті Жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды» – деп ерекше атап өтті. Біз осы міндетті іс жүзінде жүзеге асыра отырып, сот жүйесіне деген халықтың сенімінің артуына қол жеткізуіміз қажет. Сот жүйесі – бұл ел келбеті. Сондықтан халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру үшін біздер бар ынтамызбен жұмыс атқаруымыз керек. Ал оған тиісті жағдай жасалуда.

Сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, олардың ұстанымы мен жеке басының ерекше адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Осыған орай, сот әдебі сот әділдігімен тамыр тартып жатқан, соттың шынайылылығына тәуелді, онымен біте қайнасудан туындаған айқын да жарқын құбылыс. Сот үкімі құқық қолданудағы аса маңызды акт, ол қылмыстық іс бойынша оған дейін жүргізілген барлық əрекетке қорытынды жасайды, заңды, дəлелді жəне əділ жаза тағайындайды.

Елбасы Н. Назарбаевтың сөзімен айтсам, үшінші жаңғыру — қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан — 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Өскелең ұрпақ үшін үлгі боларлықтай келелі істер артқарып, елімізді бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыруға өз үлесімізді əрқайсымыз біркісідей қосып, атсалысуға тиіспіз.

 

А.УТЕБЕКОВ, Іле аудандық сотының судьясы
0

СОСТОЯЛСЯ II ФОРУМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ПО ВОПРОСАМ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ

Алдыңғы ақпарат

ҰЛЫ ТҰЛҒА МҰРАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *