Жаңалықтар

Кемеңгер тұлға келер жылдар

Тәуелсіз Қазақ Елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді аяғынан тік тұрғызып, Қазақстанның болашағы үшін аянбай тер төккен кемеңгер тұлға. Олай дейтініміз, Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей, Қытай секілді алып империяның ортасында орын тепкен Қазақ Елін аждаһаның аузында жұтылып кетпеуі үшін барын салды. Әлемдік саясат сахнасында да өзіндік ойын тыңдата біліп, Қазақстанның атын жер жүзіне мәшһүр қылды. Өзара араздасқан елдерге ара ағайын болып, Елордамыз Астана қаласында татуластырып, бітістіруінің өзі Н.Назарбаевтың көреген жан екенін, татулықты, бірлікті қалайтын, тек өз халқы ғана емес, әлем халықтары үшін де алаңдап тұратын жалпыадамзаттық шеңберде өмір сүретін дана тұлға екендігін айғақтайды. Әлем халықтарының арасында ең алғаш рет атом бомбасынан, ядролық қарудан бас тартуы да жер жүзіндегі бар тіршілік атаулыға жанашыр жан ретінде таныта білді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шығарып, Ақмола Астана қаласы деп аталып, Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылдан бастап ие болды. 2018 жылдан бері ел қалаулылары мен зиялы қауым Астана қаласын «Нұр-Астана» немесе «Назарбаев қаласы» деп атауды ұсынған еді. Алайда, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы кішіпейілділік танытып, ол ұсынысқа қол қоймады.

Елбасымыздың Президенттіктен өз еркімен бас тартып, тағын босатуы бәріміздің қабырғамызға қатты батты. Тіпті, өзімді бассыз денедей сезініп, «ел ертеңі қандай болады екен, отыз жыл бейбіт ғұмыр кешкен еліміз алдағы күнде де бейбітшілігінен ажырамай, еңсесі тік болса екен» деп тілек тіледім. Жуырда Еліміздің Президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан астанасы Астана қаласын Нұрсұлтан қаласы болып өзгертіледі, облыс орталықтарындағы бүкіл орталық көшелер Назарбаев есімімен аталады деп мәлімдеме жасаған болатын. Қ.Тоқаевтың бұл бастамасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміз алдында атқарған ерен еңбегін әділ бағалауы деп түсінемін. Отыз жыл елімізді басқарып, сол отыз жыл ішінде халқымыздың тыныштығы мен бейбіт өмірін қызғыштай қорыған Елбасымыздың атын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, есімін Елордамызға беру әбден дұрыс деп ойлаймын. Себебі, әлемдегі тоғыз мемлекеттің астанасы алғашқы билеушілерінің атымен аталады екен. Қазақстанның астанасын «Нұр-Сұлтан» қаласы деп атау әлемдік үрдістің жалғасын табуы болмақ.
Төреходжаева Зохида Тұрсынбекқызы,

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектептің директоры

0

Бахтияр Артаев: «Тарлан» спорт кешені Жетісудың талантты тарланбоздарын шыңдайды

Алдыңғы ақпарат

Итоги социально-экономического развития Алматинской области за январь-декабрь 2018 года

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *