ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

КЕЛЕШЕККЕ АРНАЛҒАН КЕЛЕЛІ ІС

Аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің желілік кестесіне сәйкес, округ әкімдігінің, Ақши ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің және Күрті ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсетуші Ш.Тауырбаеваның ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында, Ақши ауылдық кітапханасында «Жанашырлыққа – жан риза» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кофе-брейк, семинар-тренинг өткізілді. Өткізілген шара мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірде дамып жетілуіне ықпал ету мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету және де ата-аналардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шараға округ әкімінің орынбасары М. Жұмамұратов, аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М. Сафарова, №5 облыстық психологиялық медициналық консультациясы қызметінің негізгі бағыттарын жүргізуші Қ.Слямханова, логопед-маман А. Рахышова, психолог маманы М. Яценко, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің кеңесшісі М.Төлегенова, арнаулы әлеуметтік қызметтерді айқындау және бағалау маманы Ж. Алайева және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары қатысты.

Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары келген мамандарға өз сауалдарын жолдап, қажетті мәліметтер алып, балаларының қоғам ортасында бейімделуіне қатысты әдістемелік құжаттарға ие болды.

Шара соңында округ әкімінің орынбасары М. Жұмамұратов сөз алып, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партия жобасының негізгі мақсаты мен бағытын түсіндіріп, өткізілген шараның мақсаты мен қажеттілігіне тоқталып, арнайы келген мамандарға округ әкімінің атынан алғыс білдіріп, бірлесе жұмыс атқарудың нәтижелі бағыттарын айқындап, мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын тиісті шараларды атқаруда белсенділік танытуға шақырды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары іс-шараның өтуіне ықпал болған барлық мамандарға алғыстарын жеткізіп, ауданнан келген мамандарға ризашылықтарын білдіріп, тарқасты.

М. ЖҰМАМҰРАТОВ,округ әкімінің орынбасары,

Ш. ТАУЫРБАЕВА, әлеуметтік қызметкері

0

ҚАРТ АДАМДАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТ АШУҒА ОҚЫТУ ШАРАСЫ

Алдыңғы ақпарат

ПО САКРАЛЬНЫМ МЕСТАМ КАЗАХСТАНА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *