Без рубрики

Келешегі кемел жас ғалымдар

Білімнің қара шаңырағы саналатын, еліміздің бетке тұтар қаймықтары білім нәрімен сусындаған, әлемнің үздік 200 универлер тізіміне кіретін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрбір мектеп бітіруші түлектерге, қалаберді бакалавр дәрежесі бар магистр оқығысы келетін ізденушілердің арманы дерсің! Шіркін кереметін сөзбен жеткізу меніңше мүлдем мүмкін емес дүние. Асқар таулармен жалғасқан, еліміздің жасыл аймақты, қауіпсіздік жағынан бәрі қамтылған, өзінің жеке студенттерге және ұстаздарға тегін қызмет көрсетер соңғы медицина қоңдырғыларымен жабдықталған, Азия бойынша ең үлкен кітапханасы бар және онда тегін интернет желісі әрбір білім алушыға күн-түні демей қызмет етуде, тіпті жатақханаларда әр қабаттары камералармен қамтамасыз етілген жалпы білім ізденушіге барлық жағдай жасалған. Осы универде мектептен кейінгі білімімді жетілдіргеніме дән ризамын және ұзтаздарға соның ішінде физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұстаздарына өте алғыстымын.

ҚазҰУ-да жылда өтетін жас ғалымдар конференциясы “Фараби әлемі” биылда жақсы деңгейде өтті. Онлайн өткізілген бұл конференцияда физика-техникалық факультеті сонын ішінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының магистр және бакалавр дәрежесіндегі білім алушылар арасында Қапан Мадина (магистрант 2 курс, стандарттау және сертификаттау мамандығы), Воробьева Ольга (магистрант 1 курс, техникалық физика мамандығы), Кахар Гүлзада (магистрант 1 курс, техникалық физика мамандығы), Тұрсынбай Ғазиза (магистрант 1курс,  стандарттау және сертификаттау мамандығы) дәрежелі 1және 2 орындарды иемденді.

Сонымен қатар, биыл жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының логотипі де өте ерекеше дизаинда жасалды.

Автор: Шалқаров Мәдениет

ҚазҰУ., физика-техникалық факультеті,

 техникалық физика мамандығының 1 курс магистранты

0

Қайырымдылық жасау — сауапты іс!

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында карантин жарияланады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *