ЖаңалықтарҚоғам

КЕЛЕҢСІЗ ӘРЕКЕТКЕ ЖОЛ ЖОҚ

Өтеген батыр кенті, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Алматы облыстық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясы аудандық  партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен аудандық  партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ. Ашуов, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Бөпетаева, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар: аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық қаржы бөлімінің 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша атқарылған жұмыстары тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ. Ашуов, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Бөпетаеваның есептері тыңдалды. Баяндамашылар сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын жүйелі атқару, жауапкершілікті күшейту мәселесі бойынша атқарылар жұмыстар жайлы түсініктеме берді.

Отырысты қорытындылай келе, отырыс төрайымы Р. Абилова аудандық қаржы бөлімі басшысына мемлекеттік сатып алуды жоспарға сәйкес уақытылы өткізу, аудандық тендерлік комиссия құрамына партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін кіргізу жайлы ұсыныс айтты. Сонымен қатар, жоғарыда есеп берген екі бөлімде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, осы бағытта жоспарлы, жүйелі жұмыстар жүргізілуі керектігі жайлы, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, дер кезінде келеңсіз әрекеттерге жол бермеу керектігін баса айтты. Күн тәртібіндегі  қаралған мәселелерді қарап, талқылай келе, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен аудандық  партиялық бақылау комиссиясының бірлескен  отырысы қаулы қабылдады.

 

Өз тілшіміз

0

«ДОЛЬЧЕ ФАРМ» – РОВЕСНИК АСТАНЫ

Алдыңғы ақпарат

ЛЮБОВЬ К ОТЕЧЕСТВУ НАЧИНАЕТСЯ С ЛЮБВИ К МАЛОЙ РОДИНЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *