ЖаңалықтарҚоғам

«КЕЛ, БИЛЕЙІК!»

Бүгін Іле аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жоспарға сәйкес «Кел, билейік!» атты бишілер байқауы болып өтті. Байқауға ауданымыздың түкпір-түкпірінен, өнері бірінен бірі асып түсетін нағыз талант иелері жиналып, бағын сынап, барын ортаға салды. Байқаудың мақсаты жас ұрпаққа би өнерін дәріптеп, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын кеңейту. Байқаудың шарты бойынша би ұжымдары еркін тақырыпта өнер көрсетті. Байқауға әділ-қазы алқасы болып: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы: Аубакирова Ардақ Аxметжанқызы, Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі: Кенжетаева Шырайлым, Аудандық мәдениет үйі директоры: Арай Ауелxанқызы тағайындалды. Байқау қорытындысы бойынша: Жетіген ауылдық округінен келген «Шашу» би тобы Бас жүлдені иеленсе, І орынды Байсерке ауылдық округінен келген «Сармат» би тобы иеленді, ал екінші орынды Ащыбұлақ ауылдық округінен келген «Меруерт» би тобы және Қараой ауылдық округінен келген «Орион» би топтары иеленді, үшінші орынды КазЦик ауылдық округінен келген «Шоу балет Арнұр», Ақши ауылдық округінен келген «Ерке», Ащыбұлақ ауылдық округінен келген «Дария» би ұжымдары иеленді.Сонымен бірге «Үздік үлгілі ұжым», «Көрермен көзайымы», «Жас талант», «Үздік киім үлгісі» номинациялары тағайындалды. Барлық би ұжымдары және ұжым жетекшілері аудан әкімі Медеуов Қыдыргелді Өміржанұлының алғыс xатымен марапатталып, аудандық мәдениет үйі арнайы дайындаған сыйлықтары тарту етілді. Барлық байқауға қатысқан өнерпаздардың жүздері қуаныштан бал-бұл жанып, өнерге деген құрметтері еселене түскендей көрінді. Байқау алдағы уақытта өз жалғасын тауып баспа беттеріне жарияланатын болады!!!

0

«Теріс ағымның сипаттары» атты тақырыбында кездесу өткізілд

Алдыңғы ақпарат

«САЛАМ, БАЧА» И ДРУГИЕ ПЕСНИИСПОЛНИЛА ИЗВЕСТНАЯ РОК-ГРУППА «МОТОР-РОЛЛЕР» ДЛЯ ВОИНОВ-«АФГАНЦЕВ»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *