ЖаңалықтарҚоғам

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

2018 жылдың 7 ақпан күні сағат 11-де Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау күні» Республикалық акциясы негізінде қабылдау өткізілді. Акцияның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік мәселелері, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен шарттарын кеңінен хабарлау жайлы Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысы А.Рахимбаев түсіндіріп, кеңес берді. Шара барысында Өтеген батыр кенті тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Ұлан Сегізбаев дәнекерлеуші сияқты жұмыспен қамту жайлы өзінің ұсынысын айтса, ал 2 топтағы мүгедек Александр Анненков нашар еститін мүгедектер үшін ауданда бөлме қарастыру жайлы көмек сұрады. Көтерілген мәселелерді орындау үшін бақылауға алынды. Бұл шараға Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысы, Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.Сатыбалдиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Әбдіғаниева, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік қызметкерлер, барлығы 15 адам қатысты.

Автор: Т. ШАРИПОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР АЗАМАТ

Алдыңғы ақпарат

ГЕНПЛАН П. ОТЕГЕН БАТЫР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *