Білім және ғылымЖаңалықтарРухани жаңғыру

Әке өнерін мұра еткен

2017 жылдың қараша айында №38 мектеп-гимназиясында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кеш ұйымдастырылды. Осыған орай, Қазақстанның халық ақыны, әнші-композитор, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Өнер қайраткері, Кенен Әзірбаевтың қызы, Қазақстан Республикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, Іле ауданының «Құрметті азаматы», ұлағатты ұстаз, әке жолын қуған әнші, ән мұрагері, былтырғы жылы жасы сексенге толған өмірі өнегеге толы ақжаулықты анамыз Төрткен Кененқызымен кездесу өтті.

Кешті өткізудегі мақсат: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында оқушыларға шын мәнінде, тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан замандастарымыздың жүріп өткен жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, патриотизмге тәрбиелеу.

«Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» — деген болатын Елбасымыз. Ауданымыздағы дара, талантты тұлға, жезтаңдай әнші – Төрткен Кененқызы осындай жандардың бірі. Әке өнері мұрагерінің еңбек, өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге. Кездесуге мектеп әкімшілігі, қонақтар «Ардагер» ансамблінің әншісі Отарбаева Күнсұлу Қуатбекқызы, ұстаздар және 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Кеш барысында оқушылар Төрткен апамен сұхбаттаса отырып, сал серілердің соңы атанған Кенен атамыздың шығармашылығы, ән мұрасының таратылуы жайлы және Төрткен апамыздың өнердегі жолы туралы көптеген мәліметтер алды. Төрткен апаның орындауында және оқушылардың орындауында Кенен Әзірбаевтің әндері орындалып, кеш тартымды өтті.

М.ЕЛЬЖАНОВА

0

Рух жаңғырар жаңа дәуір

Алдыңғы ақпарат

Верх счастья на вершине доброты

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *