ЖаңалықтарҚоғам

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ

Аудан әкімдігінде 15 мамыр күні «2018 жылдан бастап заңнамалық өзгерістерді ескере отырып, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында форум өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы, «Алматы облысының өңірлік даму орталығының» инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы Шлембаев Ерал Төлегенұлы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қоңырбаев Данияр Төлеуқанұлы қатысты. Сонымен қоса, өңіріміздегі барлық кәсіпкерлер мен шетелден келген кәсіпкерлер де жиналды. Біздің аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Іле ауданының инвестициялық мүмкіндіктері туралы бейнежазбаны ұсынды.

Шарада алғаш болып, өз жобасына тұсау-кесерін жасау үшін «Zhetysu Koy» (Baumann Gmbh&Co.KG) ЖШС директоры Плотников Олег Геннадьевич сөз сөйледі. Ол болашақта қазақ елінің ет өнімдерін экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ал, кейіннен өз баяндамаларын оқу үшін өзге кәсіпорындардың өкілдері шақырылды. «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС бас маманы Күзеуов Алмат Сыздықұлы, «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» туралы ақпаратпен танысу үшін Өмірбеков Алмаз Өмірсерікұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері Тынышбаев Жақсылық Бейбітұлы және Әлібай Дінмұхаммед Жұмабекұлы, аграрлық кредиттік корпорациясы «Бақ-Даулет» кредиттік серіктестігінің басқару төрағасының орынбасары Сырғабаев Руслан Қазбекұлы, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілі Сембек Есен және «IBT GROUP» ЖШС-нің директоры Шегай Татьяна Владленовна баяндамаларын оқып қана қоймай, сұрақтарғада жауап берді.

Қорытындылау үшін Ерал Шлембаев жиналған кәсіпкерлерге жеке сауалдары болса жолығуларын өтінді. Форум соңында кәсіпкерлер өзара визиткаларымен алмасты.

 

Айжан САТЫМХАН

0

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН БАҒДАРЛАМАСЫН» ДАМЫТУ • УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Алдыңғы ақпарат

ПРОЩАЙ, РОДНАЯ ЧАСТЬ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *