Білім және ғылымЖаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІК, ІСКЕРЛІК БОЛАШАҒЫҢ

 

Өткен аптада «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен тұрмысы төмен отбасыларының балаларына кәсіптік бағдар беру мақсатында аймақтағы ірі кәсіпорындар: «Медиатекс», «Данон-беркут», «Галанс ботлерсс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат барысында балалар аталған кәсіпорындардың жаңа технологиясы және өнім шығару барысымен танысып, цехтарды аралап тамашалады. Онда бас киім, йогурт, Maxi чай сусындарының дайындалу барысын қызығушылықпен қарап, алған әсерлерімен бөлісіп жатты. Шара барысында аталған кәсіпорындар атынан балаларға тегін йогурттар мен сусындар таратылып беріліп, балалардың көңіл-күйлерін көтеруге ықпал етті.

Шараның ұйымдастырылуына «Энергетик» БПҰ, Іле аудандық кәсіпкерлік бөлімі демеушілік қолдау көрсетті.

Өз тілшіміз

0

ОКРУГТЕРДЕН ХАБАР

Алдыңғы ақпарат

ГРАЖДАНИН, ВАШИ ДОКУМЕНТЫ?

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *