Бас мақалаҚоғам

Көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмек көп

 

         Көпбалалы және аз қамтылған  отбасыларды қолдау шарлары елімізде кешенді түрде іске асып келеді. Оларға көрсетілер көмек түрі де жыл сайын артуда. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын  жүзеге асыру» тақырыбында  өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

         Жетісу өңірінде 40 мың 409 көпбалалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп отыр.

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстың «Әлеуметтік картасы»дайындалып, бұл бағытта жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңгебөлінді. Аталған қаржы төмендегі іс-шараларға бағытталады:

— 7-20-25  бағдарламасы бойынша 1 млн.теңгеден тұрғын үй сертификаттары үшін барлығы 300 млн. теңге бөлінді.

— Табиғи газға қосылу үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылуда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген.

Өткен жылы 238 мың адамға 10,5 млрд. теңге көлемінде әртүрлі көмектер көрсетілді.

Сондай ақ,  аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жыл сайын жоғары оқу орындарына түсу үшін 100 грант бөлінеді. Осы мақсатта  44,3 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні барлығы 206 білім алушы жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылуда.

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында облысқа қажетті мамандықтар тізімі жинақталды. Шілде-тамыз айларында мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі конкурстық комиссиямен мамандықтар және жоғарғы оқу орындарының тізімі бекітіледі. Тамыз айының басында талапкерлерден құжаттар қабылданады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы шешімімен білім беру гранттарының иегерлері анықталатын болады.

Жалпы, облыс бойынша 1-4 сынып оқушылары саны 179 450құрайды, оның 22 863 тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан қосымша 18806 бала 100% тегін ыстық тамақпен қамтылса, 6955 көпбалалы аналар 1 сәуірден бастап қалалық автобустарда тегін жүру мүмкіндігіне ие болды. Осыған дейін мұндай жеңілдіктер тек қана  42 мың оқушы, студенттер және зейнеткерлер үшін қарастырылған болатын.

2019 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдердің жазғы демалысын,  сауықтыру шараларын ұйымдастыруда облыста 1521 сауықтыру лагерлері мен алаңдары жұмыс жасайтын болады. Ағымдағы сауықтыру маусымында облыстың 40 мың жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары жазғы демалыспен тегін қамтылатын болады.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет санаторийлер мен демалыс үйлерінде 100 көпбалалы аналардың балаларымен отбасылық демалысы ұйымдастырылады. Бұл үшін демеушілер мен меценаттардың қаражатын тарту қарастырылуда.

Жыл басынан бері Жетісу жеріндегі аудан, қала кәсіпкерлері батыр аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға  60  үй  сатып алып берді. Бұл игі бастама осымен шектелмейді, Алматы облысының бір де бір отбасы қамқорлықсыз қалмайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және тұрақты бақылауға алынды,-дедіоблыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.

           

0

Талдықорғанда «Футбол фестивалі» өтті

Алдыңғы ақпарат

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *