ЖаңалықтарЗаң және бізҚоғам

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ АЗ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес,  бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін көп балалы отбасыларға (4 баладан жоғары балалары бар) тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетілген Заңға сәйкес ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылып, төленуде.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты белгіленетін болады, яғни:

4- балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК)

5- балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК)

6- балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК)

7 және одан жоғары балаға  — 74 388 теңге (28,06 АЕК).

Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен аталған мемлекеттік жәрдемақы енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы барлық көп балалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қалалық, аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына» немесе тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауылдық округ әкімдігіне тапсыру қажет.

Арнаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) отбасыларына да төленетін болады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасыларының  (арнаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға) балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакеті енгізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін, медициналық көмектің кепілдік  берілген көлемі және міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

 

А. НҰРҒАЛИЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және

көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша

 департаментінің бас маманы 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Алдыңғы ақпарат

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *