ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

КӨКТЕМНІҢ КҮБІСІН КИГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Шадыман шаттығын жетелеп көктем де келді. Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі. Қоғамда бейбітшілікті, келісімді, достықты нығайтуда оның атқарар рөлі ерекше.

Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамын 22-наурыз күні Чапаев ауылының жұртшылығы да кең ауқымда атап өтті.
Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы салтанатты түрде ашылып, алғашқы болып сөз сөйлеген округ әкімі Б.Жұмабаев жиналған қауымды мерекесімен құттықтап, тілегін арнады.
Мәдениет үйінің алаңына №10 орта мектептің әкімшілігі, №45 орта мектептің әкімшілігі, «Алатау Құс» ЖШС-гі жеке-жеке қазақ үй тігіп, округтегі мекемелер шатырлар орналастырды. (жеке меншік «Нұр Арай» балабақшасы, жеке меншік «Лучик Арай» балабақшасы, ауылдық дәрігерлік амбулатория, «Гнездышко» балабақшасы, жеке кәсіпкер «Виктория», пәтер иелері кооперативі «Жас», «ауылдық кітапхана», «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты, Іле филиалы», тәжік ұлтының мәдениеті).

Негiзiнде жыл басының астарында «Наурызда жақсы атаулының бәрiн халыққа көрсетiп, ұсынады» деген түсiнiк қалыптасқан. Осыған орай әрбiр киiз үйдiң жасауы да өз ерекшелiгiмен бiр-бiрiнен үстем түскiсi келгендей бар жақсысын жайып салыпты. Кимешек киген аналар жаңа күннiң дәмi – наурызкөже, бауырсақ, палау, тәттiлерiн мiнбеде отырған қонақтар мен жалпы көпшiлiкке үлестiрiп, ақтан ауыз тигiздi.

Мерекеде «Қыдыр көрген ауыл» атты қойылым көрсетіліп, соңы округ көркемөнерпаздары арнайы концерт қойды.
Әр ұлттың мәдениетін көрсеткен ұлт өкілдерінің еңбектерін бағалауға комиссия мүшелері құрылып, дастархандарынан дәм татып, бағаларын берді. Бәрінің бағалары бірінен бірі асып, комиссия барлықтарына алғыс білдіріп, мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етті.
Ауыл кәсіпкерлері, жәрмеңке мен сауда-саттықтарын ұйымдастырып, «Наурыз көже», палау, кәуаптар дайындады. Мейрамға 3000-ға жуық округ тұрғындары жиналдып, ашық аспан астында ән айтып, би билеп, мерекені көңілді күймен тойлады.

 

Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты.

0

ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Алдыңғы ақпарат

ПРОФИЛАКТИКА ТУБЕРКУЛЕЗА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *