ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ

Көктем мерекесі — Халықаралық әйелдер күні мерекесінің жылы шуағы сезіледі. Гүл көктемнің жайдарман жылылығы әйел адамның мейірімімен астасатын осы бір мерейлі мереке қарсаңында Чапаев ауылдық округі әкімі ғимаратында, сағат 15.00-де жиын өтті. Жиында округ әкімі Б.Ақжолұлы округіміздің жан-жақты дамуына асыл ана-апайларымыздың, ардақты қарындастарымыздың, апа-әпкелеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығына, белсенді іскерлік танытқандарына алғысын білдіріп, көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтап, Б.Ақжолұлы тарапынан гүл шоқтары мен сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ округімізде орналасқан №45 орта мектептің ардақты, ұлағатты ұстазы, Аналар кеңесінің төрайымы Б.Атамқұлованы 55 жасқа толған туған күнімен құттықтап, қажырлы еңбектері мен жемісті жетістіктеріне алғыс хат табыстап, орамал тағып, үстіне қамзол кигізді. Жиын соңында округтағы ана-әпкелер мен әжелер округ әкіміне алғыс-тілектерін айтып, ыстық лебіздерін жаудырды.

Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

0

«КӨКТЕМ-2018» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру науқаны

Алдыңғы ақпарат

АМАНДЫК БАТАЛОВ ПОЗДРАВИЛ ЖЕНЩИН ЖЕТЫСУСКОГО КРАЯ С 8 МАРТА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *