ҚоғамМерекелер

Көктем кебеті

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Ақши ауылында ерекше аталып өтті.Жиынды округ әкімі Д.Өгізбаев ашып барша жиылған қауымды Наурыз — көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені елімізбен атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл күні Іле Алатауының баурайындағы киелі мекен бұрынғысынан да жанданып, шаттықтан шашу шашылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Ауыл тұрғындары арасында спорттық ойындардан жарыстар өтті. Одан әрi мекеме басшылары құттықтап, iзгi тiлектерiн бiлдiрдi. Мереке дәстүрлi Наурыз көжеден дәм таттырумен жалғасты. Наурыз мерекесiнде округ мекемелерi сән-салтанатымен безендiрiп дастархан жайды. Жайылған дастархан қазағымыздың ұлттық тағамдарынан көз сүрiндiредi. Мекеме қызметкерлерi сахналық қойылымдарын қойып, әуелете ән салып, күмбiрлете күй шерттi. Мерекелiк жәрмеңке, сонымен қатар «Қазақ күресi», «Қой көтеру», «Арқан тарту» ойындары өткiзiлдi. Бұл күні киелі мекен бұрынғысынан да жанданып, шаттықтан шашу шашылды. Ал, ауылдық кітапханада халқымыздың тұрмыс тіршілігі, әдет ғұрпымен салтын насихаттауға арналған «Наурыз – ұлық мереке» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында оқырмандар мен қонақтарға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беріліп, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екені жайында мағлұматтар берілді. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, салт-дәстүрлерімізден қойылымдар қойылып, әндер шырқалып, жылдағы дәстүр жалғасын тауып, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді. Аузы аққа тиген халық меркенің жақсы өтуіне біркісідей атсалысты. Наурыз мейрамына арналған кеште ұлттығымыз ұлықталып, қазаққа тән қасиеттер паш етілді. Мерекелік кеш соңында, жиылған қауым Наурыз көжеден дәм татты. Осылайша, дүбірлі мерекені думандатып өткізген тұрғындар жылдан-жылға аман жетуге тілектерін арнады.

0

ГҮЛ ШАШЫП ЖАТЫР БАР АЙМАҚ

Алдыңғы ақпарат

БАҚ ПЕН ШАТТЫҚ КӨЛ-КӨСІР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *