Дін және қоғам

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Бүгінде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажеттілігі ауқымды мәселеге айналып барады. Егер де балаларымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, ертеңгі өміріміздің жарқын болашағынан үлкен жетістіктерін көретін боламыз.

Бұл жағдайда тәрбиенің негізгі құндылықтарына назар аударсақ,  қандай жолмен тәрбие беруді жолға қойсақ болады? Бұл сұрақ төңірегіне дін тұрғысынан қарайтын болсақ, Ислам діні бала тәрбиесі арқылы қоғамның жақсы өмір сүруі қалыптасатынын негізге алады. Сондықтан, бүгінде «Балаларымызға қандай тәрбие беріп жатырмыз?» деген сауалды әр ата-ана өзді-өзіне қоюға тиіс. Бұдан соң балаларды қатты қадағалауымыз керек.

Олардың не іспен айналысып жатқанын, жан қалаулары нені қалайды, достары кімдер, қандай тағамдармен тамақтанып жүр, өз өміріне бала көзімен қарағанда не нәрсе оларды көп толғандырады, мектептегі білім алуына қандай мүмкіндіктер жасалып жатыр? Демек, осындай сауалдарға жауап беру, ата-ананың басты парызы. Сондықтан, бір уақыт болса да бала тәрбиесімен айналысуға аса ден қойып көңіл бөлу керек.

Жалпы бала тәрбиесінде Ислам дінінің орны бөлек. Себебі, хақ дініміз бала тәрбиесінен бұрын ата-ана өзін-өзі тәрбиелеу керек екенін жолға қояды. Себебі, баласына өтірік айтпауды үйрету үшін, ата-анасы өзі өтірікші болмауы керек. Өмірдегі жат нәрселерден аулақ болсын десе, ата-анасы өздері таза болуы керек. Ал, баланың болашағын дүниемен ғана қамтамасыз етудеген, ол, дініміздің қағидасы емес. Өйткені, Құран Кәрімде «Мал дүние мен бала-шаға дүние тіршілігінің ғана сәні…» («Кәһф» сүресі, 46-аят) делінген.

Соған байланысты мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның бір айтқан сөзі бар: «Қазіргі уақытта көптеген адамдар балаларының болашағын дүниемен қамтамасыз етуді қолға алғысы келеді. Олар, әр баласына бір-бір үй алып беріп, фирма ашып беріп, әрқайсысының шотына жеке-жеке «бәленбай» ақша қалдырып, ата-аналық борышымды өтедім деген ойды санаға билетіп алған. Мен, отбасымда он жанбыз. Әкем, жағдай жасау үшін, он баласын оқуға түсіру керек, он үй, он фирма, миллиондап ақша қалдыру керек екен. Әкемде ондай жағдай қайдан болсын. Бірақ, он баласы аштан қалған жоқ, көштен қалған жоқ, Алланың несібесімен өмірден өз орындарын тапты» деген. Расында көп балалы отбасылар жағдайы болмаса, қай баласын дүниемен жарылқамақ? Негізгі міндет, дұрыс тәрбие беруді қажет етеді.

Ата-аналық борыш ретінде дұрыс білім алуына, ер жеткенде, отбасын құруына жағдай жасау ата-ананың басты парызы болып табылады… Басты қажеттілігі, Ислам дініндегі бала тәрбиесі, шапағатқа толы мейіріммен, жұмсақ, түсіндірулер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Баланың бойына аяушылық сезімді ұялата білсе, ол тәрбиелі, саналы, ой-өресі кең, өскенге дейін өзді-өзін тәрбиелейтін күшті бойына сіңіріп өседі. Алғыр, білімді балалар осындай тәрбиеленген балалардан шығады. Сондықтан, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлейік, құрметті оқырман!

 

Асқар БАЧЕНОВ, «Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы.

0

«УАҺАБИЛІК» НЕМЕСЕ «СӘЛӘФИЛІК» ДІНИ АҒЫМЫ

Алдыңғы ақпарат

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ДІНИ БІЛІМ БЕРЕ АЛМАЙДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *