Рухани жаңғыру

Инфрақұрылымдардың Құрылуын, Жаңа Ин¬теллигенцияның Қалыптасуы

Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.

 

Ж. ОНАЛБАЕВ, «Іле ауданы сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ бас маманы

 

0

Құндылықтар Жүйесінде Білімді Бәрінен Биік Қоятын Ұлт

Алдыңғы ақпарат

СТРОИТЕЛЬСТВО 60-ТИ КВАРТИРНОГО ДОМА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *