Спорт

ІЛЕ БӨРІСІ АНЫҚТАЛДЫ

2019 жылдың 25 сәуір күні Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Іле ауданы әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Іле бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өткізілді.
Жарысқа ауылдық, кенттік округтерімізден аудандық іріктеу турниріне жолдама алған 20 палуан қатысты. Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы қатысып, турнирдің ашылу рәсімімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысымыздың қорытындысы бойынша І-орын Нұржан Жұмажан (Жетіген ауылдық округі), ІІ-орын Алмас Мұхаметулла (Боралдай кенті), ІІІ-орын Темирхан Алибеков (Байсерке ауылдық округі) ие болды. Жүлделі орынға қолжеткізген спортшылар аудан әкімінің мақтау қағаздары, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
«Жетісу бөрісі» облыстық турниріне жоғарыдағы палуандарымыз жолдама алды.

Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

0

ПУСТЬ ЗВЕНЯТ ГОЛОСА ДЕТЕЙ

Алдыңғы ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *