ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДенсаулықЖаңалықтарЗаң және бізҚоғам

Іле ауданында коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі құрылған «Жәрдем» қоғамдық қорының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ

Құрметті аудан тұрғындары! Аса қатерлі індет коронавирустың жер жүзінде пандемия деп жариялануына байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елімізде 16 наурыздан төтенше жағдай жарияланды. Артынша жұқпалы аурудың таралып кетпеуі үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Осыған сәйкес, Алматы облысының Іле ауданы бойынша да арнайы штаб құрылып, тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Ел басына түскен осындай қиын-қыстау кезеңде бәріміздің бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен жоғары жауапкершілік танытуымыз қажет. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қолдап, халықты аталмыш жұқпалы аурумен көп болып күресуге шақырды. Өйткені, адам үшін денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ. Осыған байланысты, Елбасының бастамасымен Республикалық қор құрылды. Бұл игі істен Іле ауданы да шет қалмай, «Жәрдем» атты қор құрды. Ендеше, жүрегі жылулық пен мейірімге толы, жаны жомарт жандарды осы қорға үлес қосуға шақырамыз. Аудан экономикасын артты
руға септігін тигізіп жүрген кәсіпкерлер, шағын және орта кәсіп иелері, мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен тұрғындар өз мүмкіндіктеріне қарай ортақ іске атсалысады деп сенеміз. Әр адам көмекке мұқтаж жандарға жәрдем жасауды өзінің азаматтық борышы деп түсінуі қажет. Осылайша біз уақытша қиындықтарды, сын сағаттарды бекем бірлігіміздің, қайсар шыдамдылығымыздың, салиқалы сабырлығымыздың арқасында жеңеміз. Бір жұрт болып, бірге күресейік! Қордың есеп шоты: «Банк Центр Кредит» АҚ Алматы облыстық филиалының басқармасы БИК: KCJBKZKX ИИК: KZ188560000004386106 БИН: 110141018945 КБЕ: 18 Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалының мекен-жайы: Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 37 үй, 62 пәтер.

Аудандық «Жәрдем» қоғамдық қоры

0

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ТЫҢ СЕРПІН

Алдыңғы ақпарат

СЫНАҒЫ КӨП СОЛ БІР КҮНДЕР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *