ЖаңалықтарҚоғам

ИГІЛІКТІ ІСТЕРІҢ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН

№28 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары «Жас түлектер» аллеясын отырғызды. Ол мектеп және аудан аралық көгалдандыру іс-шарасымен ұштасып отыр. Сенбілік аясында мектеп түлектерінің аллеясы салтанатты түрде ашылды. Аллеяға алғашқы болып биылғы оқу жылында мектеп бітіргелі отырған үздік оқушылар ақ қайың, туя ағаштарын екті. Бұл дәстүрді өздерінің ізбасарлары 10-сынып оқушыларына аманат ретінде тапсырды. Түлектердің айтуынша «Шырша егу арқылы мектебіміздің, ауылымыздың гүлденуіне үлес қостық. Бірнеше жылдан соң өзіміз алғашқы ұйымдастырушысы болған аллеяның игілігін көрейік» деп тілек білдірді.

Игілікті іс-шараға мұрындық болғандар №28 мектеп-гимназиясының директоры С. Бесембаева, сынып жетекшілері Х. Телғожаева, М.Әділетханқызы, оқу-тәрбие меңгерушісі П.Несипбаевалар.

Айта кету керек, осы мектеп-гимназиясының үздік түлектерінің күшімен биыл игі бастама үрдіс алды. Білім ордасының ауласына өсімдіктердің түр-түрін егу мақсатында жер қопсытып, орын әзірлеп, ол жерге гүл отырғызып, алтын ұяларымен қош айтыспақ. Түлектер аллеясының одан әрі гүлденуіне енді 10 сыныптың ұл-қыздары жауапты. Бұл бастама мектеп бітірушілердің келесі легіне үлгі болмақ. Ақ ниеттерің

мен игі істерің үшін алғысымыз шексіз! ҰБТ-де сәттілік серіктерің болсын, жас түлектер!

Б. ЧОЙБАСОВ

0

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫ – ЕЛДІҢ ЖАҢА БАСПАНАСЫ

Алдыңғы ақпарат

АЖЫРАСАМЫН ДЕП АРАНДАП ҚАЛМА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *