ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ИДЕОЛОГИЯ ХАЛЫҚТЫҢ ИММУНИТЕТІ

2019 жылдың 8 сәуір күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Б.Қарасаевтың төрағалығымен арнайы құқық қорғау органдарының басшылары және мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы комиссиясының кезекті жиналысы өткізілді.
Отырыс барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тартылатын үкіметтік емес ұйымдардың және деструктивті діни ағымдардың идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал ету дәрежесі, сондай-ақ мемлекеттің терроризмге қарсы жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу жұмыстарының тиімділігі туралы мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы және нысандарды заң шеңберінде талаптарға сәйкестендірудің маңыздылығы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі туралы аудандық полиция басқармасының орынбасары Тегенбаев Асхат Жайықұлы баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрағасы тиісті мемлекеттік органдарға бір қатар хаттамалық шешімдермен нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімдігі жанындағы
терроризмге қарсы комиссия аппараты

0

АТАДАН ҚАЛҒАН АМАНАТ

Алдыңғы ақпарат

ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *