Бес әлеуметтік бастамаҚоғам

ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ БІР МІНДЕТ

Еліміз тәуелсіздігін алып, азаттыққа қол жеткізгелі Елбасының тарихи бастамаларының нәтижесінде дамыған елдердің көшіне ілесіп, ілгері басып келеді. Осынау жылдар ішінде Қазақстанның жеткен жетістігі, бағындырған биіктері дос сүйініп, дұшпан күйінердей. Бүгінгі күні Қазақстан – халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап отырған бірегей мемлекет. Ал Елбасы Н.Назарбаевтың наурыз айының басында жария етілген «Бес әлеуметтік бастамасы» үлкен тарихи оқиға болды деп айтуға болады. Үндеу жарияланғалы бері қоғамда жаңғырық тудырып, әртүрлі деңгейде талқылаулар мен талдау, сараптамаларға арқау болуда. Елбасының саяси-әлеуметтік саладағы шешімдеріне қашанда сеніммен қарайтын Қазақстан халқы бұл жолғы Үндеуді ерекше ықыласпен қабыл алды. Алпауыт елдер бірінен бірінің мықты екендігін дәлелдеумен әлек болып, соғыс қаруының қуаты мен көлемін арттырып жатқан заманда халқының әлеуетін арттыруға батыл қадам жасау ынтымағы жарасқан біздің елдің ғана қолынан келіп отыр.

Бұл мақтанатын нәрсе ғой деп есептеймін. Елбасының бұл бастамасы, басқасын айтпағанда ТМД елдерінің аймағында теңдесі жоқ әлеуметтік қадам болмақ. Көршілес Ресейдің өзінде әлеуметтік ипотекалардың ең төмен пайыздық мөлшерлемесі 11,5-13 пайызды, алғашқы жарна 30 пайызды құрайды екен. Ал Елбасының Үндеуінде ұсынылып отырған ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды. «7-20-25» үлгісіндегі бағдарламада бастапқы жарна мен несие мерзімі де қарапайым азаматтар үшін біршама қолайлы деңгейде белгіленді. Аталмыш бастама кейінгі жылдары дағдарыстың әсерімен біршама бәсеңдеп қалған құрылыс саласына да серпін бермек. Елбасының сөзімен айтқанда «Экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады». Ендігі мәселе жұрт болып жұмылып, Елбасының бастамаларын іске асыруға атсалысу. Нақты сандармен негізделіп, керек десеңіз жүзеге асыру мерзімдері де көрсетілген іс-шаралардың жүйелі жоспары іспетті. Ендігі кезекте ел болып осы бастамалардың мәні мен маңызын қалың бұқараға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттіміз

И. ШАМИЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

АРҚАНЫҢ АҚҚАЗЫҒЫ

Алдыңғы ақпарат

ВОЕННОСЛУЖАЩИЕ В GOLD CINEMA

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *