Астана 20-жылРухани жаңғыруЦифрлы Қазақстан

«GOWORKING» ОРТАЛЫҒЫ ШАҚЫРАДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, олардың жұмысын жандандыруда. Елордамыз Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, аудандық балалар кітапханасы, Чапай, Междуреченск, Ақши ауылдық балалар кітапханаларында коворкинг орталықтарының ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұ. Жұмаділова, аудандық «Іле таңы» газетінің бас редакторы Р. Айдарбекова, Энергетический ауылдық округінің әкімі С. Зәкіржанов, аудандық АҚ «Қазтелеком» басшысы Б. Мырзаев, аудандық Орталық аурухананың басшысы М. Егембердиева және аудандық мекеме басшылары, көпшілік оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында аудандық кітапхана директоры М. Жабиева келген қонақтарды Елордамыз Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Сүйемін сені, Астана» көрме инсталляциямен, Коворкинг орталығында жұмыс жасайтын 4 аймақпен: Wi-Fi аймағы – кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін, сымсыз Интернетке қол жеткізе алатын, ғаламторға шығатын компьютер, ноутбук, моноблоктан қамтылған

Интернет аймағымен, түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, мастер-кластар өткізетін оқу алаңымен және қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойнап немесе теледидар көруге болатын ойын аймағымен таныстырды

«Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов оқырмандарды мұндай маңызы зор оқиғамен құттықтап, Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық, – деп атап өтті.

Аудандық мәслихат хатшысы Абилова Роза Михайловна оқырмандарды бүгінгі орталықтың ашылуымен құттықтап, бұл жер балаларға арналған қызықты сабақтар, қызығушылар клубы, қолөнер шеберлерімен жұмыс істеуге және өзекті тақырыптарды талқылайтын пікірталастарды тұрақты өткізіп тұратын заманауи білім орталығына айналу керек, – деді.

«GOWORKING» орталығының көгілдір лентасын қию рәсімі Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы және Абилова Роза Михайловнаға берілді.

Сондай-ақ, Коворкинг орталығы аудандық балалар кітапханасында жалғасын тауып, Чапай, Междуреченск, Ақши ауылдық және Ақши ауылдық балалар кітапханаларында ашылу салтанаты Онлайн режимде өтті.

Аудандық балалар кітапханасында ашылған орталық үш алаң: ғаламтор, ойын, шеберлік сыныбы алаңына бөлініп, балаларға заманауи түрде қызмет көрсетеді.

Құрметті аудан тұрғындары және оқырмандар! Біз тек жұмыс үшін ғана емес, сонымен қатар демалу үшін де еркін кеңістік ұсынамыз.

М. ЖӘБИЕВА, аудандық кітапхана директоры

СТОЛИЧНАЯ РЕКА ЕСИЛЬ

Алдыңғы ақпарат

АСТАНА ЖАЗЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *