ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ГҮЛ ШАШЫП ЖАТЫР БАР АЙМАҚ

Наурыз айы биылғы жылы жылдағыдан өзгеше түрде өткiзiлдi. Бұрынғы жылдары тек қаладағы кәсiпорын, мекемелер ғана аталмыш мерекеге қатысатын едi. Биылғы Ұлыстың Ұлы күнi нағыз халықтық мерекеге айналды. Ауылдар мен мекемелер өзара бiрiге отырып, киiз үйлер тiксе, мектеп ұжымдары ұлттық салт-дәстүрiмiзден түрлi көрiнiстер әзiрледi. Соның бірі КазЦИК ауылының орталық алаңында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шарамен басталды. Мерекеге Іле аудандық мәслихат депутаты Ж.Бейсембаев және округ тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мекемелер атынан жалпы 5 қазақ үй тігіліп, тұрғындар үшін әр қазақ үйде дастархан жайылды және наурыз көже таратылды. Ауыл қарттары ақтан ауыз тиіп, халыққа батасын берді. Жиналған халық алаңдағы сахнада өнерпаздар өнерін тамашалады.
Ал, «Даңқ» саябағында ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, «арқан тартыс», «гір тасын көтеру», «қол күрес», «қазақша күрес» ойындарына жастар белсенді қатысты. Сайыстың жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен сыйлықтар үлестірілді.
«Наурыз» мерекесіне арналған көңілді мерекелік іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді. Биылғы жылғы Наурыз мерекесі жағымды жағынан есте қалды. Тұрғындар арасындағы сыйластық, ауызбіршілік қасиеттерінің арқасында мереке өте жоғары деңгейде аталып өтті. Самарқанның көк тасы еріген күні жер бетіне жылулық орнап, Жер Ана еркін тыныстап, айнала нұрға бөленіп, адамдар арадағы араздығын ұмытып, төс қағыстыра аман-саулық сұрасып, ауыл келбеті ажарланып, мамыражай күйге енді.

Нұргүл САБАҚАНОВА

0

ЖАДЫРАЙДЫ, ЖАРҚЫРАЙДЫ МАҢАЙЫМ

Алдыңғы ақпарат

Көктем кебеті

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *