Спорт

ФУТБОЛ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні «Жастар жылына» орай «КазЦИК ауылдық округінің әкім аппараты бастауымен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою іс-шарасының 6 тармағын орындау мақсатында мешіт жамағаттар және мекемелер арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысты. Атап айтқанда, 42 орта мектебінің командасы – «Аманат», «Жастар» және Мешіт жамағатының командасы – «Әділхан», №6 Ә. Молдабеков атындағы орта мектебінің командасы – «Жеңіс», «Болашақ», №31 орта мектебінің командасы – «Комсомол жастары», «Достық», округ әкім аппаратының командасы – «КазЦИК жастары». Жарыстың ашылуында «КазЦИК ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-ң бас маманы Өмірзақов Есет Исағалиұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызықты әрі тартысты өткен жарысқа 70-тен астам азаматтар қатысты. ІІІ-орын «Жастар» командасына бұйырып, ІІ-орынды «Жеңіс» командасы еншіледі. Футбол турнирінің жеңімпазы – «КазЦИК жастары» командасы болды. Жүлдегерлерден өзге футболшыларға арнайы «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» мен «Үздік қақпашы» атағы берілді. Жарыс соңында турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, мақтау қағазы, медальдар және арнайы кубокпен марапатталды.

0

«ДАРА ЖОЛ» ТІЛІМЕН …

Алдыңғы ақпарат

Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *