ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарҚоғамМерекелерРухани жаңғыру

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМ ҰШТАЛУДА

Абай Құнанбаевтың туғанына 175-жыл

«Абайтану» таңдау курсын оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. Абай шығармалары сөз өнерінің озық үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат-мүддесіне толық жауап береді. Мектепте оқытылатын пәндер қатарында Абайтанудың да пән ретіндегі оқытылу мақсаты оқушының білім алуына, білік дағдысын, таным-түсінігін қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталады. Абайтану – адам табиғатының алуан сипаттарын, сондай-ақ өмірдің қат-қабат құбылыстарын сұрыптап бере отырып, қоршаған ортаны, болмысты дұрыс қабылдауға жағдай жасайды, адамның логикалық ойлауын жетілдіріп, сана-сезіміне әсер етеді. Абайдың «Толық адам концепциясы» арқылы адамгершіліктің биік үлгісін танытады. Абай адамгершіліктің жоғары деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөзінің бірінде «Толық мұсылман болмай, толық адам болмайды» — деп нақты айтқан. Абай айтқан «Толық адам» ұғымы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, «Адам болам десеңіз» деген өлең жолы арқылы әрі қарай дамып, күрделене түсуде. Толық адамның бойынан табылатын ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер малшашпақ Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз… Осы өлеңді барлық қазақ біледі. Абайды кім оқыса да, Абай туралы кім жазса да, пікірлер күнде өзгереді, ал Абай өзгермейді. Ол жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында өзінің жалын
ды жырлары мен жауһар ойларын төге береді. Талдауға алынған өлеңге келер болсақ, мағынасы өте түсінікті. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, талдап, таразылап берген. Өлеңде бірізділік заңы байқалады. Мысалы: …Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ… Барлық жамандық осы өсектен басталады. Әңгіме айтамыз деп өсек айтамыз. Ал, өтірік сөз қосылмаса өсектің мәні келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да алдына жан салмайды. Осы үшеуі еріншек, жалқау адамның тірлігі. Жұмысы бар адамның өсек айтуға уақыты болмасы даусыз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!!! Жұмысы жоқ, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді?! Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой… Таудай талапсыз асқақ армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Аз да болса адал еңбекпен тапқан нанына, қол жеткізген нәтижеге қанағат етіп, адамдарға көмек беріп, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Абай атаған осы бес қасиет негізінен толыққандылықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, — деп нақтылай түседі. Абайтануды мектеп қабырғасында осылай талдап оқыту көптеген маңызды мәселелерге баса назар аударуды қажет етеді. Жас ұрпақтың дүниетанымына, дүниеге көзқарасын қалыптасыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуінде, биік интеллектуалдылыққа, «толық адам» болып жетілуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады. Н. Қылышбекова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы

Г. Бугембаева, №30 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

0

АСҚАР ТАУДАЙ АСЫЛ АҒА…

Алдыңғы ақпарат

ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *