ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ЕРЛІКТЕРІҢ, ЕҢБЕКТЕРІҢ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ…

Бүгін Өтеген батыр кентінің «Үш ұрпақ» ескерткіші жанындағы салтанатты жиынның ашылуынан кейін 1минут үнсіздік жарияланды. Ұлы Отан Соғыс ардагерлерін құттықтау рәсімінен соң ескерткішке гүл қойылды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған әскери мерекелік шеру сәтті өтті.

Бүгінгі күнде Іле аудынымызда Ұлы Отан соғысының 19 ардагерлері, сонымен қатар 200-дей тыл ардагерлері бар. «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгі жатталып қалады.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыста жеңіске жеткенімізге 73 жыл толды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.

 

0

ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНДЕГІ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТЕ АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ МҮСІНІ БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Алдыңғы ақпарат

ҚАДІРЛІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ! ҚҰРМЕТТІ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *