Спорт

ЕРКІН КҮРЕС: ДАРАБОЗДА ДҮЛДІЛДЕР АНЫҚТАЛДЫ


Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылындағы №37 орта мектептің спорт залында 2006-2011 жылғы жасөспірімдер арасында, «Жастар жылы» аясында еркін күрестен Қаракерей Қабанбай батырымыздың рухына арналған «Дарабоз» атты ашық біріншілік өтті.
Жарысқа аудан көлеміндегі еркін күресті дәріптеп, жастарды спортқа баулып жүрген балуандар келіп, өзара бақ сынады. Байқауға барлығы 5 команда қатысты. Олар, Байсерке ауылдық округінен Қоянқұс ауылы, «Белбеу» спорт клубы, Чапай ауылдық округі, Ащыбұлақ округі. Боз кілемде белдесуге 17 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Ұйымдастырушылар бұл байқаудың дәстүрлі түрде өтетінін айтады.
Маулен Шайхынов, №20 орта мектептің денешынықтыру пәнінің ұстазы – ұйымдастырушы. Біздің сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз бірінші кезекте еркін күресті насихаттау. Облыс және аудан аралық споршылар арасында тәжірибе алмасу болып отыр. Жарысқа ай санап қатысушылар да көбейген.
Еркін күрес бұрын соңды Іле ауданында кенжелеп келді. Қаншама жасөспірімдер еркін күрес үйірмесін Алматы қаласынан іздеп сандалатын еді. Енді міне әр округтерде мектеп жанынан ашылып, Маулен Шайхынов сияқты жаттықтырушылар жас балуандарды баулуда.
Сондай шәкірттердің бірі Амангелді Жұмағали, М. Түймебаев ауылындағы №20 орта мектептен келген жас балуан. Амангелді бүгінде аудандық еркін күрестен өткен бірнеше турнирдің жеңімпазы. 29 кг салмақта сынға түскен ол 8 айдан бері өзінің ауылы мен мектебінің атынан бәйгеге түсіп жүр. Ол осы ашық біріншілікте шешуші кезеңде жеңіске жетті.
Алтын медаль мен кубогты да қанжығасына байлады.
Серік Кудинов, №37 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – ұйымдастырушы: – Спорттың қай түрі болмасын ол елдің атын шығаратыны бәрімізге мәлім. Соның ішінде еркін күрес қазақтың қанына сінген белдесудің ең бір жақсы түрі ғой. Ол күрделі. Бала жаттығуда да белдесу кезінде де өз ойының жүйріктігі мен денесінің шапшаңдығының нәтижесінде жеңіске жетеді. Яғни тікелей баланың дамуына әсер етеді. Бүгінгі ұйымдастырылған еркін күрестен ашық біріншілігіміз болашақта да жалғасын табатынына нық сенім білдіремін – деді.
Сейтжан Жантлеев, аудандық білім бөлімінің бас маманы: қазір біздің аудан көлемінде, әсіресе, осы «Жастар жылы» аясында спортқа жастар көптеп келіп жатыр. Соның ішінде еркін күреске қызығушылық артты. Өз тарапымыздан ұйымдастырушыларға шынайы рахметімізді айтамын — деді.
Сайыс қорытындысы бойынша Ащыбұлақ ауылдық округінің балуандары топ жеңімпазы атанып 9 алтын, 6 күміс пен 5 қола медальға ие болды. Жеңімпаздарға сондай-ақ, ұйымдастырушылар атынан кубоктер табысталды.
Б. ЧОЙБАСОВ

0

СДАЛ ОРУЖИЕ – ПОЛУЧИ НАГРАДУ. Материальную

Алдыңғы ақпарат

Әміре Әрін: Журналистика-қоғамды дамытуға қызмет ететін мамандық

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *