ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВСпорт

ЕРКІН КҮРЕС: БІЗ ӘЛІ ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРАМЫЗ

Жақында Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай, Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қоянқұс ауылындағы №47 орта мектепте еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.
Алғаш рет өткізілген еркін күрес турнирін ұйымдастырушылар №47 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Қазиев пен Б.Сәрсенбай.
Турнирге Алматы қаласының Алатау, Жетісу, Түрксіб командалары шақырылып, Іле ауданының еркін күрестің жас балуандарымен өзара күш сынасты. 220-ға жуық спортшы бақ сынады. Ащыбұлақ ауылынан 37 еркін күресті меңгеріп жатқан жасөспірімдер барды. Оның ішінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, тактикаларын еркін қолданып жүлдегерлер қатарынан көрінгендер де бар. Олар №37 орта мектептің еркін күрес палуандары Арман Қадыров 68 келі, №20 орта мектептен Аман Қуанышбек Қуаныш 58 келі, Жұмағали 29 келі, №4 орта мектептен Мағжан Дәулетхан 20 келіде өнер көрсетіп алғашқы орындарды иеленді. Жас палуандарды еркін күреске баулып жүрген талантты жаттықтырушылар Маулен Шайхынов пен Серік Кудиновтар. Шәкірттері туралы «Біздің жас еркін күрестің палуандары әлі Олимп шыңын бағындырады. Олардың қазіргі кезден алып жатқан сабақтары болашақта спорттық өмір жолында үлкен көмек беретіні сөзсіз», — деп отыр.
Жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

АМАЛ КЕЛДІ АМАН КӨРДІМ!

Алдыңғы ақпарат

АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ, ЖЕЛІП ЖҮРІП…

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *