ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатынан АН-72 маркалы әуе көлігі апатқа ұшыраған еді. Қақаған қыстың аязында көңілімізге суық түскен еді. Ол өз Отанын қорғаған әріптестеріміздің, аға, бауырларымыздың ұшақ апатынан мезгілсіз қазаға ұшырауы еді. Қамшының  сабындай қысқа ғұмырда халқына адал еңбек етіп, артқы ұрпаққа жемісін қалдырған дарабоздар қаншама? «Отанды сүю иманнан» деген аталы сөз ұлттың амандығын, елдің тыныштығын сақтауда ат үстінде ұйқтамай ұлтына қорған болатын азаматтарға қарата айтылған болса керек. Сондай азаматтарымыздан мезгілсіз айрылып қаламыз деген кімнің ойында болды дерсіз. Бұл қайғылы оқиғаны 7-ші жыл қатарынан еске алып отырмыз. Соңғы демі қалғанша елім деп еңбек еткен бауырларымыздың жандары жәннатта болғай!».

Осыған орай 2125 әскери бөлімнің асханасында қаза болған  шекарашылардың  рухтарына арналған еске алу таңы өткізілді,  осы еске алу іс-шарасына қаза болған шекарашылардың туысқандары шақырылып ас берілді.

Сондай-ақ   қаза болған шекарашылардың марқұм болған  рухтарына арналған еске алу бейне ролигі ұсынылды.

 

0

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!! «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Онлайн неке» атты байқауды бастады

Алдыңғы ақпарат

Мансап бала кезден басталады!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *