ЖаңалықтарҚоғам

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

16-шілде Өтеген батыр ауылының №24 мектеп-лицей мәжіліс залында Энергетический ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары және округ әкімінің 2018-жылдың ІІ-тоқсанында құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындары алдында қорытынды есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыста учаскелік полиция аға инспекторы міндетін атқарушы Е.Кусуманов бірінші болып есеп беріп, қылмыс фактілері мен көрсеткіштерін мәлім етті.
Округ әкімі С.Закиржанов өз сөзінде атқарылған жұмыстарды баяндап, Ерболат Сапарұлы және Айдос Мұратбекұлына келесідей ұсыныс білдірді:
📌округіміздегі үйлер тоналып, тергеу жұмыстарының нәтижесіз қалуы. Жалпы округ бойынша орын алатын құқық бұзушылықтармен учаскелік полиция инспекторларының тарапынан жұмыстары толық атқарылатынын ескергім келеді, істің одан ары қаралуы үшін тергеу бөліміне өткеннен кейін тергеушілерден істің ашылуы-ашылмауы туралы ақпарат ала алмаймыз. Осы тараптан қарым—қатынасты реттеуді ұсынамын.
📌округіміздің учаскелік полиция инспекторларының жиі ауысуы басты мәселеде тұр. Жиі ауысуына байланысты ауыл тұрғындары өздерінің учаскелік полиция инспекторларын танымайды. Құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін округімізде учаскелік полиция инспекторлары тұрақтанса екен деп ұсыныс білдірді;
📌окргутегі криминогендік жағдайды жақсарту, құқық бұзушылықты болдырмау, алдын-алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларына патрульдік автокөліктің жетіспеушілігі көп жағдайда қиындық туындатуын атап өтті.

Сонымен қатар округ әкімі С.Закиржанов өз сөзінде округ тұрғындарына қауіпсіздік үшін белсенділік танытып, әр күдікті азаматқа немқұрайлы қарамай, Ішкі Істер Органдарына жедел xабар беруін сұрады.

 

 

 

 

0

ПАКЕТЫ МЕДИЦИНСИХ УСЛУГ В РАМКАХ ГОБМП И ОСМС

Алдыңғы ақпарат

ЖЕТІСУЛЫҚТАР МҰҚАЛИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА АТТАНДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *