ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ЕЛІМІЗДІҢ  ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ

Орта Азия барысына айналуды мақсат тұтқан Қазақ елінің әрбір азат азаматы құрметтеп, мақтаныш етер ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамасы мен  ресми пайдаланылу тәртiбi — «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңымен белгiленген. Аталған заңнама 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Дегенмен, мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, бүгінде күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық Заңынан бастау алғанын ұмытпауымыз қажет. Соңғы терминді дұрыс пайдалану мақсатында 2007 жылғы 21 мамырда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар  енгенде «нышандар» деген сөз «рәміздермен» баламаланды. «Рәміз» деген сөз грек тілінен аударғанда  «символ» деген мағына береді. Дүние жүзі бойынша әрбір мемлекеттің ресми рәмізділігі негізінен үш бірлікті білдіреді. Олар мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Ту және мемлекеттік Әнұран. Осылар арқылы сол елдің саяси тәуелсіздігі мен  егемендігі мойындалады.

Осыдан 25 жыл бұрын өз бетімен енді қадам бастаған жас мемлекеттің рәміздерін жасауға бір шаңырақ астында сүттей ұйыған халық бір кісідей жұмылды. Бұл сөзге сол кезде жарияланған байқау негіз бола алады.  Мыңдаған нұсқаларды жіті талдаудан соңғы мемлекеттік комиссияның таңдауы Шәкен Ниязбековке түсті. Қазақ елінің туының авторы атанған өнер қайраткері елімізде дизайнерлік өнердің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға.

Жалауды айқындайтын басты белгілерінің бірі — оның түсі. Аспанкөк түстің таңдалуы да кездейсоқ емес. Ол әлімсақтан бергі қазақ халқының сенімінде адалдық пен мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге бір Отанды таңдаған барлық ұлт өкілдерінің тыныштығы мен ырысын аңғартатын бұлтсыз аспанды еске салады. «Көк» сөзі ежелгі түрік тілінен аударғанда, «Шығыс» деген мағына береді. Қазақстан жер шарының шығысында орналасқан, яғни, шығыс мәдениетінің өкілі ретінде деп танылады.

Мемлекеттік туымыз, шұғылалы күн астында еркін ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Күн бейнесі шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Айта кету керек, күн шұғыласы, қыран мен ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Дөңгелек нысанды Елтаңбамыз, Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлиханов секілді сәулетшілердің ерен еңбегі. Мемлекеттік Елтаңбамыздың дөңгелек болуы өмір шексіздігінің белгісі. Ортада шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Ұлттық нақыштағы нышан отбасы амандығы мен бейбітшілігін және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тараған уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігі мен маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары, астықтың, еңбек пен ырыстың белгісі. Елтаңба ортасындағы бес жұлдыз, біздің құшағымыздың барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.

Мемлекеттік әнұран, халықтың зор құрметіне ие «Менің елім» патриоттық әні. Әнұран — халық жүрегінің соғуы. Авторлары: Шәмші Қалдаяқов (әні), (сөзі) Жұмекен Нәжімеденов және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз, кемел ел келешегі мен өз болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен мемлекеттік Елтаңбасының эталондары ел Президентінің Резиденциясында сақталуда. Олардың терең мағынасын түсіну, көздің қарашығындай сақтап, қорғау әрбір Қазақстан азаматының борышы.

 

0

ЧЕМПИОНДАРДЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ, ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ МЕДЕУОВ ҚЫДЫРКЕЛДІ ӨМІРЖАНҰЛЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алдыңғы ақпарат

ПАМЯТНИК В ЖАНАЛЫКЕ ЕСТЬ.

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *