ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

Электромагниттік өрістің жоғары деңгейінің адам ағзасына әсері

Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме құралдары, ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоғары жиіліктегі физиотерапевттік электро қондырғылар, тұрғын үйлердің, мекемелердің төбесіне орнатылған қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс туындататын құрылғылар үнемі қолданыста болып келеді. Аталған құрал-жабдықтар арқылы қоршаған ортаға берілетін үзілісті, үзіліссіз толқындар био экосистемаға әсер етеді. Оның белгілі дәрежеде адам ағзасына да тигізетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне және қуатына тікелей байланысты. Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендету мен қатар жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туабіткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал. Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет.
Әр түрлі диапазондағы электромагнитті толқындар өндірісте, ғылымда, техникада және медицинада кеңінен қолданылады. Оларды металл, ағаш және басқа материалдарды өндіруде, радиохабарлама, теледидар, қыздыру және диэлектриктерді дәнекерлегенде пайдаланады. Радиолокация, радиометеорология, радиоастрономия, радионовигация, ғарыштық зерттеулерде, ядролық физика жәнет.б. жоғарғы жиіліктегі электромагнитті толқындары қолдану кең орыналды.Радиотолқындардың сәулелену көзі-ламполы генераторлар. Олар тұрақты ток энергиясын өзгермелі өте жоғары жиіліктегі токқа айналдырады. Қазіргі кездегі цехтарда электровакуумдық зауыттарда, электр лампасын шығаруда, жоғарғы жиіліктегі генераторларға мөлшерленген. Жоғарғы жиіліктегі токтар металл бөлшектеріндегі қалдық газдарды жояды. Радиотеледидар станциясының жұмыс орнында жоғарғы жиілікті өрістер көзі болып табылатын белоктардың дұрыс қозғалмауы бөлгіш фильтрлер болып табылады. Физиотерапевтикалық кабинеттерде медициналық аппаратпен жұмы сбарысында электромагнитті өрістер пайда болады және оның әсері персоналға қауіпті. Айқын биологиялық әсерді өте жоғарғы жиіліктегі өрістер береді. Сантиметрлік және миллиметрлік толқындар терімен сіңіріліп, рецепторлар арқылы организмге рефлекторлы әсеретеді. Дециметрлік толқындар 10-15 см тереңдікке еңіп, ішкі ағзаларға тіке әсерлеседі. Радиотолқындар-радиожиілікті электромагнитті өрістер-көлемді электромагнитті спектрдің бірнеше миллиметрден, бірнеше километрге ұзарған бөлігі. Олар электр зарядының тербелісі нәтижесінде туындайды. Тербеліс жиілігі жоғарлаған сайын, толқын ұзындығы қысқарады. Толқындарды ажыратады: қысқатолқындар (ҚТ), ультра қысқатолқындар (УҚТ), жоғарытолқындар (ЖТ) және ультра жоғарытолқындар (УЖТ). Электромагниттік толқындар жарық толқындарының жылдамдығы ментаралады. Электромагнит өрісініңқуаты (ЭӨҚ) мекемеде генератор күшіне, экрандықдеңгейі мен металл жабындыларыныңболуынабайланыстыкеңкөлемде (100-500 /м2) тербелсе, көзіжойылуынабайланыстытөмендейді.Емдеуі. Жалпы сауықтандыру терапиясы. Седативті және ұйықтататын дәрі-дәрмектік заттарды тағайындаудан тұрады. Гистамингеқарсыпрепараттар: супрастин, пипольфен, димедрол, глутаминқықылы (күніне 0,25г 3 рет). Аздаптранквилизаторлар: үшоксозин, хлордиазепоксид (эленкум); глюкоза аскорбинқышқылы, биогендістимуляторлар-женьшень тұнбасы, қытаймемоннигі, элеутерококк; ОЖЖ қызыметібұзылса (астениялық синдром жәневегетативті дисфункция) жәнешеткеріқандағыөзгерістерменсипатталса В6 –витаминніңтағайындауқажет.Жұмысқа қабілеттілікті тексеру. Патологияның ерте белгілерін анықтағанда еңбекке қабілеттілігі сақталған кезде, белсенді терапия және оны санаторий-профилакторияларда өткізген дұрыс. Амбулаторлы емдеу-жекелеген алдын-алуды орындағанда жақсы нәтиже береді және еңбекке қаблеттілігі бұзылмайды. Одан да айқын жағдайларда уақытша басқа жұмысқа ауыстырылуы керек және ол жерде ЭМТ болмауы қажет. Осы жағдайда науқасқа 1-2 ай уақытқа ауруханалық парақ беріледі. Ем тиімді болған жағдайда бастапқы кәсібіне оралып, қатаң дәрігерлік бақылауға алынады. Науқас уақытымен емделмесе және айқын формаларда (өткір астенизация, айқын нейроциркуляторлық бұзылыстар, диэнцефальдік жеткіліксіздік) сәйкес емдік-профилактикалық шаралардан кейін басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.
Профилактика. Алдың-алудыңнегізгіәдісі-радиосәулеленудеігейінтексеруқажет. Жұмысқакірералдындажәнекезеңдімедициналықтексерілудіжүргізукерек. ЭМӨ радиожиілік (мм, см, дм) көздеріменжұмысжасайтынадамдар 12 айда 1рет медициналықбақылауданөтеді. Ультракүшіжоғары, төмен, өтетөмен ЭМ сәулелеркөзіменжұмысжасайтындар 24 айда 1рет өтеді. Медициналықтексеруді терапевт, невропатолог, окулистіңқатысуыменөтеді. Гемоглобинді, лейкоциттер мен СОЭ мөлшерін анықтау керек. Көрсеткіштері бойынша электро кордиографиялық зерттеулер өткізеді. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсеткіштер: вегетативті дисфункция, катаракта, наркомания, токсикомания, созылмалы алкоголизм, шизофрения жәнет.б. эндогенді психоздар. Кешенді ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-сауықтандыру және емдеу-профилактикалық шаралар әске асыру сырқаттанушылықтың төмендеуіне себеп болады.

А. Орынбаева Іле аудандық ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» санитарлық-гигиеналық зертханасының зертхана маманы
А. Жалғас Іле аудандық ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» санитарлық-гигиеналық зертханасының зертханашысы

0

«Бала дауысы» бесінші маусымы

Алдыңғы ақпарат

«Противодействие коррупции – обязанность каждого гражданина»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *