Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

ЕЛДІКТІҢ ҒАЖАЙЫП ҮЛГІСІ

Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ–ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ, қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х–ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ, Бозақ қыпшақ билеушілерінің Елордасы болған. Демек, Елбасымыздың астана орнын Арқа төсінен таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала – Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіріп, еліміздің символына айналған. Гүлденген, түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.
Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Н. Назарбаевтың ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы – теңдесіз қайсарлық. Әр елдің астанасы, сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген сөзде терең мән бар. Президент «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», – деген. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», –деп жазды. Ендеше, аяулы Астана – Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл – бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл – біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл – біздің жол, Қазақстан жолы», – дейді Елбасы.
Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш – Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

Айжан САТЫМХАН

0

О СОЦИАЛЬНО-ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ БЛОКЕ

Алдыңғы ақпарат

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *