ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамСпортТұлға

ЕЛДАНА, ЕЛІН ТАҒЫ ДА ҚУАНТТЫ

29-30 маусым күндері Комсомол ауылында 2000 жылы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған бокстан қыз балалар арасында Халықаралық турнир өтті.

№31 орта мектептің спорт залын лық толтырған көпшілік бұрымды қыздардың, шаршы алаңдағы өнерлерін тамашалады. Турнирдің құрметті қонағы болып 2000 жылғы Сидней олимпиа-дасының чемпионы Е. Ибраимов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Қ. Ортыбаев қатысып, жас боксшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге жалғасқан турнирге көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 77 спортшы қатысты. Жарысқа халықаралық төреші, Бейжің олимпиадасында төрешілік еткен, ҚР жасөспірім қыздар құрамасының аға жаттықты-рушысы Б. Қасымханов және Е.Ибраимовтың жаттықтырушысы болған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж. Кульниязов арнайы келіп төрешілік етті. Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар тарапынан келген қонақтардың иығына қазақи дәстүр бойынша шапан жауып, сөз берді. Бұндай құрметке ие болғандардың қатарында 2017 жылы жастар арасындағы әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған таланты жаттықтырушы М.Ченгалиев те бар.

Байқағанымыздай шаршы алаңдағы қыздардың еркін қимылынан табанды жаттығу мен бапкер бабы айқын аңғарылды. Бапкерлер турнир барысында, қыз баланы боксқа баулудағы көптеген құпияларымен бөлісті. Осы турнирде 74 салмақта өнер көрсеткен ауданымызға белгілі боксер қызымыз Е. Талипова тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Жақсы ойын көрсетіп, өз дәрежесінде жүлделі орындарға ие болған спортшылар мақтау қағаздармен және кәдесыйлармен марапатталды. Сыйлықтарды турнир қожайыны Е. Ибраимовтың өзі табыстап, жас боксшылардың талабына сәттілік тіледі.

Ауданымызға танымал бокстен жаттықтырушы Д.Қабыланбаев турнирді өткізуге атсалысқан КазЦИК ауылдық округі әкімшілігіне және ауыл азаматтарына, №31 орта мектеп ұжымына алғыс білдіреді.

Өз тілшіміз

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

Алдыңғы ақпарат

АСТАНА — ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ЕЛОРДАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *