ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамСпорт

ЕЛДАНА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Өткенде Павлодардағы Ақсу қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде ауданымыздың жас чемпионы қаршадай ғана қызымыз Елдана Талипова жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан чемпионатына Қазақстан құрамасы сапындағы барлық облыстың үкіленген боксшы қыздары қатысты.

75 келіде өнер көрсететін Елдана Талипова жартылай финалда Шымкент қаласының шойын жұдырықты қызы Нұрайлым Қуандықты ойсырата ұтса, ақтық кездесуде ешкімді місе тұтпай шетінен соққыға жығып келген қарағандылық Яна Бараненконы тізе бүктірді. Яна  алғашқы раундта басымдық танытқанымен, кейінгі раундтарда Елдананың мысы басым болып, жаттықтырушысы ақ орамалды ортаға тастап арашалап қалды. Нәтижесінде төрешілер ауылдасымыздың жеңіске жеткенін хабарлады.

Қазақ елі мен киелі Іле ауданының абыройын асырған Елдана 2013 жылдан бері бокспен шұғылданып келеді. Боксшы қызды белгілі жаттықтырушы Дархан Қабыланбаев жаттықтырады. Елдана өз салмағында үш дүркін «Алтын қолғап» иегері атанды. Украинада үш дүркін Карпат турнирінің жеңімпазы, Швецияның Борос қаласында өткен «Алтын қыз» халықаралық турнирлерде жеңімпаз тұғырынан көрінген. Жақында 17 жасқа толатын боксшы қыздың ұлттық құрамаға қосылуына зор мүмкіндігі бар.

Алдымызда әлі Азия чемпионаты ақ туын көтермек. Осы додалы жарыста еліміздің атын асқақтатар Елдана Талиповаға жеңіс тілейміз!!!

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

АСТАНА – АЛТЫ АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫСЫҢ

Алдыңғы ақпарат

АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *