Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ЕЛБАСЫНЫҢ 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Боралдай кентіне Елбасының бес əлеуметтік бастамасын тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.Хахазов және Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова мен «Достық үйі» Қоғамдық келісім орталығының директоры Т.Қасымберкебаев келді.

 

 

Мәжіліс депутаты мен обылыстан, ауданнан келген өкілдер әуелі кенттегі «Гранит» ЖШС-не барып кәсіпорын жұмысымен танысып, жұмысшылармен пікір алмасты. Одан кейін №15 орта мектепте кент тұрғындарымен және білім, денсаулық, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлерімен кездесіп Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бес əлеуметтік бастамасы аясында атқарылатын және де атқарылып жатқан жұмыстар туралы ой бөлісті.

 

Кездесу соңында мәжіліс депутаты Ш.Хахазов, Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, «Достық үйі» Қоғамдық келісім орталығының директоры Т.Қасымберкебаев кенттегі кеше басталған «Көшет отырғызу» акиясын жалғастырып, Боралдайдың басты демалыс орыны – орталық мемориалды саябаққа тал егіп, көктемдік көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Елбасының ел игілігі үшін жариялаған Үндеуінің тұрғындардың қажетін өтеп, жұмыс берушілер тарапынан аталған бес әлеуметтік мәселелердің шешімін табарына сенімділік білдіреміз.

 

 

ШАҒЫН ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ

Алдыңғы ақпарат

ОТЧИСЛЕНИЯ И ВЗНОСЫ В ФОНД СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *