ЖаңалықтарҚоғам

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ ЕР ҚОЛЫНДА

Ширек ғасыр бойы өз жұмысын мінсіз атқарған КазЦИК ауылдық округіне қатысты №16194 әскери бөлімінде «Көктем 2018 жыл» атты әскерге шақыру науқаны аясында салтанатты түрде «Ант қабылдау» рәсімі өтті.

Бұл рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, сарбаздардың бойындағы патриотизм, Отанға және Президентке адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе шабуылдаушы десантына адал қызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді.

Салтанатты жиында десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Р. Жанысов шара барысындағы алғы сөзінде: «Сіздердің қызметтеріңіз – әрбір қазақстандық отбасының тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімділігінің кепілі. Бұл жерде нағыз жауынгер болып шыңдаласыздар. Отанды риясыз сүю дәл осы жерден бастау алады. Сіздер мұнда отансүйгіштік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттердің барлығын бой­ларыңызға сіңіріп, табанды, әрі төзімді болуды үйренесіздер. Алдағы бір жылда жан аямай қызмет етіп, ұлттық намысы-мыздың туын биіктен жел­біретіңіздер!», деп, жас сарбаздарға жігер сыйлап, атаулы күнмен құттықтады. Өте жауапты міндеттерді мінсіз атқару үшін аталған қызметте сарбаздардың кешенді дене шынықтыру және жауынгерлік даяр-лығына аса назар аударылады. Олар саптық амалдарды, жауынгерлік қарудан ату машық-дағдысын, сондай-ақ әуеде парашютпен секіру және тағы басқаларды меңгереді. Әскери ант қабылдау рәсіміне КазЦИК ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Е. Өмірзақов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс күшінің ардагері, подполковник Б. Ақшораев, әскери бөлімнің ардагерлері, жас сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

Бір ай саптық шеруді үйренген әуе шабуылдаушы жас десантшылар өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлығы мен іс-қимылдарының үйлесімдігін көрсетіп жиылғандарды тәнті етті. Өз кезегінде жас сарбаздар да қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын, соның ішінде қарумен және қарусыз игерген саптық амалдарын паш етіп, көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті. Отан алдында ант қабылдаған сарбаздар алдағы уақытта әскери бөлімде, өздеріне жүктелген аса жауапты міндеттерді атқаруға кірісетін болады.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ НА ДОРОГЕ

Алдыңғы ақпарат

В РАЙОНЕ ОТРАБОТАН АЛГОРИТМ ДЕЙСТВИЙ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *