Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын маңызды құжат ел экономикасындағы жаңа бағыт-бағдарларды айқындап берді. Елбасы айтқан бес басым бағытты жүзеге асыру арқылы мемлекетіміздің экономикасы нығайып, еліміз дамыған елдердің қатарынан көрінетін болады. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, екінші басымдық — бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшінші басымдық — макроэкономикалық тұрақтылық, төртінші басымдық — адами капитал сапасын жақсарту, бесінші басымдық — институттық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі стратегиялық құжат. Мұның барлығын бірлесе жұмыс жасап, ауызбіршілік танытқан жағдайда ғана толықтай іске асыра аламыз. Оған қоса, Тұңғыш Президентіміздің әулеметтік 5 бастамасының арқасында жоғарғы білім алудың қолжетімді мен сапасы артуда.

Мемлекеттік грант саны 2018-2019 оқу жылында 20 мыңға көбейгені әр жас түлекке үлкен мүмкіндік пен жаңа серпіліс сыйлады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деген халқымның даналығы рас. Мектеп — бүлдіршіндер тарыдай болып кіріп, таудай болып өсіп шығатын мекен. Жылына Іле ауданынан 1500-ге жуық бітірушілер түлеп үшты. «Білім -ұлы күш. Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді»,-деп Елбасымыздың айтқан сөздерінен жастардың білім алуына үлкен мән беретіні, тайға таңба басқандай көрініп тұр. №3 орта мектепті биыл 1345 түлек аяқтады. Олардың ішінде 3 «Алтын белгі», 5 «Үздік аттестат» иесі бар. Бұл әрине, біздің мектеп үшін үлкен жетістік емес. Дегенмен алдағы жылдары биыл кеткен кемшіліктердің орнын толтыруға бар мүмкіндікті жасайтын боламыз. Жас мемлекеттің болашағы әрбір жастың қолында екенін және бүгінгі биліктің әрекеті мен жастарға қамқорлығы бізді тек алға жетелеп, биікке шығуға талпындырады.

С. НҮРҒИСАЕВА,

№3 орта мектептің директоры, аудандық мәслихат депутаты

 

О РАВНЫХ ВОЗМОЖНОСТЯХ ПРОДВИЖЕНИЯ ЖЕНЩИН НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ КАЗАХСТАНА

Алдыңғы ақпарат

ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *