ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

ЕЛ ЕРТЕҢІ – БОЛАШАҚ ҚОЛЫНДА

Жастар – Қазақстанның он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – деген еді Елбасы.
Мәселен, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 2014 жылы іске қосылған «Серпін» бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізеді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бар. Ал «StartapBolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді. Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге түскен талантты жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Байқау эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым салаларындағы үздіктерді анықтайды. Әр өңірде жыл сайын жастар форумы ұйымдастырылып тұрады. Президенттің тапсырмасымен қабылданған «7-20-25» бағдарламасы әр жасқа ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып, студенттердің жағдайын жақсарту үшін 75 мың орындық жатақхана салынып жатыр.
«Жастар кадрлық резерві» жобасы, «Жастар практикасы» бағдарламасы да қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогресстің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады. Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды. Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады. Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Олай болса, бүгінгі жастарымызға көрсетілген қамқорлық ол еліміздің ертеңгі болашағына жасаған қамқорлығымыз болмақ.

Нұрсұлтан ОРЫНБАСАРОВ,
джиу-джитсудан
олимпиада чемпионы

0

УТВЕРДИЛИ ОТЧЕТЫ ОКРУГОВ

Алдыңғы ақпарат

СЕКРЕТ СЕМЕЙНОГО СЧАСТЬЯ:72 ГОДА ВМЕСТЕ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *