Білім және ғылымВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ЕЛ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ

Елбасымыздың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Елбасының бағыт-бағдар берген жолымен ілгері басып келеміз. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Осы мақсатта «Жалынды жастар жылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Іле ауданы жастар орталығының жетекшісі Ғани Сауытбекұлы, Джиу-джитсудан Азия чемпионы, жаттықтырушы Ақылбек Орынбасар қатысты. Дөңгелек үстелде алғаш сөз алған жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Дамир Азаматұлы өз сөзінде «Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар, бүгінгі талқыға салғалы отырған тақырыбымыз Мемлекет басшысының арнайы ұсынысымен қолға алынған «Жастар жылы» аясында болмақ. Бұған дейін тек бағдарламалар мен жобаларда ішінара ғана қамтылып келген жастар мәселесі ағымдағы жылы үлкен маңызға ие болып отыр» — деді. Одан әрі сөз кезегін алған ЖІЖК орынбасарлары Евгения Казановская «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын тыңдап отырып, әсіресе 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгілеген шешіміне дән риза болдым. Еліміздің барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Сондай жастардың бірі – біздің білім алушылар. Біздің колледжде түрлі іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын белсенді жастар өте көп. Біздің балалар белсенді өмір салтын жүргізіп, колледж үшін барынша жағдай жасауға тырысады, деп түйіндесе, Жәнібек Серіков: «2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялауы арқылы біздерге үлкен міндет жүктеп отыр. Біздің колледжде ағымдағы жылы атқарылатын істердің жоспарлары бекітіліп, білім алушылар жүктелген тапсырмаларына белсенді кірісіп кетті. Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, «Жалын» студенттік жасағы мен колледж белсенділері. Ауған соғысының ардагерлерімен, «Ару» медицина орталығының және аудандық аурухана дәрігерлерімен, «Жас Отан» жастар қанатының мамандарымен, ардагер ұстаздармен, аудандық Өтеген батыр мешітінің найб имамымен, Іле аудандық жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, білім алушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алынды. Сонымен қатар, білім алушылар Алматы қаласындағы орталық мұражайға, Есік қаласындағы «Алтын адамға», Түрген шатқалына, Медеу мұз айдынына тағы сол сияқты тарихи жерлерге саяхатқа шығып, театрларға барды. Сонымен қатар колледждің белсенді жастары мен ЖІЖК жетекшісі Дамир Азаматұлының ұйымдыстыуымен сатушысыз «Адал киоскі» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты: білім алушылар әзірлеп әкелген әртүрлі тағамдар мен оқуға қажетті құралдарды сатып, түскен ақшалай қаржыны мүмкіндігі шектеулі балалар мен жағдайы төмен отбасыларына қажетті заттар алып, табыстау болды. Акция барысында білім алушылар тәтті тоқаштар, бәліштер мен қаламсап, дәптер, өз қолдарынан жасаған жаңа жылдық кәде сыйлықтарды сатылымға қойды. Тағы бір атқарылған акциялар туралы айта кетсем, «Прогресс» политехникалық колледжі белсенді жастарының «Еріктілер клубы» «Жаныңда жүр жақсы адам» акциясы барысында Өтеген батыр кентінде тұратын Клара Жұма-хынова атты зейнеткердің үйіне барып, қыз балалар үй шаруасына, жігіттер ауласын қардан тазартып, қысқа отын дайындады. «Жалын» студенттік жасағы аудандық Алғыс айту күніне арналған «Біз Жетісуда тұрамыз» атты акцияға белсенді қатысты. Колледждік Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы болып өтті. Енді спорт жағын айта кетсем, біздің колледжде спорт шебері кандидат-тары бар. Білім алушылар ара-сында түрлі спорт түрінен колледж ішілік жарыстар болып тұрады. Білім алушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Екі жұлдыз» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Тағы айтып кететін жайт, ол полицияға қолдау көрсету «Жалын» студенттік жасағы. Бұл топтағы білім алушылар колледж тәртібін ғана бақылап қоймай, полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдке шығады. Сонымен қатар, колледжде Көңілді тапқырлар клубы бар. Өткен аптада ғана жүлделі орынға ие болып келді. Және ұлдар, қыздар клубтары бар. Ол жерде жастарға ақыл-кеңестер беріледі. Жалпы, біздің колледжде жоспарлаған істер өте көп деп өз сөзін түйіндеді. Болашақ жастарға берері мол дөңгелек үстелді Шырайлы Арынқызы қорытындылап, болашақ жастарға тілегін білдірді. Өз кезегінде ол: «Бүгін ерекше басқосу болды деп ойлаймын. Қазіргі заман талабына сай жастардың да өзгерері анық. Сіздердің өз ойларыңызды ашық айтып, анық жеткізгендеріңіз үшін ризашылығымды жеткізгім келеді. Бұл басқосуда әрбір білім алушы керекті ақпарат алып, өз ойларымен бөлісіп, ерекше әсерде болатынына сенімдімін. Білім ордамызда ұйымдастырылып жатқан әрбір іс-шара өз септігін тигізбей қоймасы анық. Құрметті білім алушылар, біз осы елдің азаматы ретінде елімізге, жерімізге еңбегіміз сіңіп, әрбіріміз өзіндік қолтаңбамызды қалдырар патриот болуымыз шарт деп есептеймін. Сондықтан сіздерге елдің дамуына білім ордасынан бастап үлес қосайық дегім келеді», – деп сөзін аяқтады. Тартысты өткен басқосудың тақырыбы да қазіргі таңда өте қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі және өте қызықты. Сондықтан өсіп келе жатқан болашақ жастарымызға алдағы уақытта тек сәттілік серік болсын дейміз!

Айнур НҰРҒАЛИЕВА, «Прогресс» колледжінің өндірістік
тәжірибе жөніндегі маманы

0

ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Алдыңғы ақпарат

БАЛАҒА БАҒЫТ ЖАНҰЯДАН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *