ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында халқымыздың кең тараған салт-дәстүрлерінің қалыптасуын көздей отырып, ұлттық болмысымызды сақтау, рухани түп-тамырымызды жастарға насихаттау мақсатында аудандық ардагерлер ұйымының бастамасымен және аудан әкімшілігінің қолдауымен 2019 Жастар жылына орай аудандық, және ауылдық округтерде жыл басынан бері он бастауыш ардагерлер ұйымдарының арасында «Ел болашағы — жастар» атты танымдық шара «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасының негізінде әртүрлі сахналық көріністер, қойылымдар арқылы ауыл әжелері мен ардагерлердің және жастардың қатысуымен ұйымдастырылып өткізіліп келді. Осындай шаралар Ащыбұлақ ауылдық округінде «Жастардың қартын сыйлауы, елінің салтын сыйлауы» шарасымен басталып, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» атты тақырыпта Энергетик округінде, «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» тақырыбында Жетіген округінде, «Атамекен – анаң екен, қысылғанда панаң екен» атты іс-шара КазЦИК округінде, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда!» атты шара Чапаев ауылында, «Жас отбасылардың береке бірлігі» Байсерке округінде, «Жасыңда жалықпасаң – қартайғанда тарықпайсың» атты Боралдай кентінде, «Ұл — қоныс, қыз – өріс» шарасы Күрті округінде өткізілсе қорытынды шара Междуреченск округінде Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында «Өскелең ұрпақ – ұлт болашағы» атты шарамен Жастар жылына арналып өтті.Жастар – ұлт болашағы, жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да саналы, тәлімді ұрпағында екені сөзсіз. Тал бесіктен басталған тәрбие ғана жемісті болмақ. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы деп санаған дана халқымыз. Елбасы тапсырмасымен 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни, бұл жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі болғаны сөзсіз. Жаһандық заман даңғылында даңғазалықпен шектеліп жүруден істің өнбесі хақ. Өткен мен бүгіннің арасын тепе-тең ұстап тұратын жастар бүгінде өз мүмкіндіктерінен қапы қалмауы тиіс деп есептеймін. Көлеңке, күнгейі қатар өрілген заманда өткенге тағзым көрсетіп қана қоймай, өткеннің тағылымы мен танымын жаңа ғасырдың тізгінін ұстаған бүгінгі Тәуелсіз елдің игілігіне жарату – ұрпаққа аманат. Еңселі егемендіктің аспанының астында, Тәңір тарту еткен Тәуелсіздіктің иісін сезініп жүрген жастарымыз жалтақтықтан ада, батылдыққа бекем, бет қаратпас дауылдарға шайқалмаған батыр халықтың ұрпағы екенін іспен көрсететін шақтың келгені анық. Демек алдағы болашақтың бастауы боларлық мүмкіндік «көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалыны бар, ары жанынан қымбат болған» жастарымыздың еншісінде.

Жастар — болашақтың алтын діңгегі, болашаққа бастар нақты істердің темірқазығы. Ал жастар қолдауы – мемлекеттің даму статусын жоғары көтеретін, әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш. Кез келген ағаш тамырсыз шықпайды. Тамыры берік, мықты ағаш қана жел соғып, дауыл тұрса да құламайды, сынбайды. Сол сияқты кез келген мемлекеттің еш қиындыққа мойымай, тек қана алға бастайтын күші ол — жастар. Жастар жалыны неғұрлым жалынды әрі мығым болса, мемлекет болашағы да соғұрлым мықты, берік, тұрақты болады. Қайсы мемлекетті алсақ та, елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты екені анық. Себебі болашақ – жастардың қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз хақ. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Демек мемлекеттің күйреуі не болмаса дамуы жастарға және олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері мен ұлттық патриоттық сезімінің деңгейіне байланысты. «Көздегені көк аспан» болған жастарымыз белсенді болса, мемлекет ешқашанда өзінің беделін жоғалтпайды, -деп басталған мағыналы да мәнге толы ұрпақ сабақтастығымен жалғасқан кеш барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарында өте ұйымшылдықпен және ауыл әкімдерінің қолдауымен қоғамдық аналар кеңестерінің және жастардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары А.Сәтибаев пен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Исаев сөз сөйлеп, кешке ұйымшылдықпен қолдау көрсетіп, демеу болған барлық ұйымдарға алғыстарын жеткізді. Келер жылы елімізде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерекелерін атап өтуді жоспарлап отырмыз. Осылай ұйымшыл ортада «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» біз алмайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Ұлтымызды жалғасы ұрпаққа, болашаққа біз де сенеміз! Мен жастарға сенемін! деген ұранмен қорытындыланған кеш, барша ынта жігерімен қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табыс етіліп, ыстық лебіздерін білдірді

 

Н .САБАҚАНОВА

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІР БЕРГЕН СЫЙ

Алдыңғы ақпарат

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРАНДАРЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *