Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ЕЛ БІРЛІГІ – ЕЛ ТЕҢДІГІ

 

«Өткенге қарап, ертеңіңді түзе!» деген өсиет бар, себебі, өткеннің өнегесі – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. Осыны жадында тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде. Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек. Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ. Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік. Сонда ғана, халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді.

Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр. Олардың 30 пайызға жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесі де Елбасы назарында. Осы орайда, Білім және ғылыми министрлігіне жаңа экономикада сұранысқа ие мамандардың қажеттілігін талдау негізінде 2018-2021 оқу жылдарына арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қаулы жобасын

дайындау жүктелді. Сонымен қатар, жоғары білім саласына қосымша 20 мың грант бөліп, 2020 жылдың соңына дейін ең кемі 75 мың орындық студенттерге жатақхана салу көзделіп отыр.

Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ал, ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керек. Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген. Яғни, біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз.

А. МАДИЯРОВА,

«Тұран» университетінің студенті

ПОЖЕЛАЛИ ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ ПРОЕКТОВ

Алдыңғы ақпарат

«КАЖДЫЙ ЧЕЛОВЕК ВСЕГДА ЧЕЙ-НИБУДЬ РЕБЕНОК» Пьер Бомарше

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *