Спорт

Экстремалды спорт қарқынды дамуда


22-30 маусым аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді. Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді. Артынша Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылмақ. Паропланшылар бәсекесін әлем кезегі қорытындылайды. Эскстремалдық спорттық додаға Дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысады деп жоспарланған. Бұл тізімде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстандықтар өз жарыс алаңында және жанкүйерлер алдында аянып қалмайды дейді мамандар.

Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндағы басты мақсат паропландық спортты өткізу арқылы елдегі туризмді дамыту.

Әзірге әлем кубогінде жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар спортшыларымыз үшін бұл сайыс қыркүйек айында Сервияда ұйымдастырылатын әлем чемпионатына дайындық деуге болады,- деді облыстық экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки.

0

Баламалы энергия-заман талабы

Алдыңғы ақпарат

Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *