Қоғам

ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер мен көлік тұрақтарын сату мерзімі бекітілді

DCIM100MEDIADJI_0091.JPG

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 15 ақпанында сағат 10:00-ден бастап елордадағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінде («EXPO Residence» ТК) пәтер сату науқанын бастайды.
Жылжымайтын мүлік бұрын қолданыстағы болған әдістермен қатар, енгізілген жаңа механизмдер бойынша сатылымға түседі. Сатып алушылар пәтерлерді 20% бастапқы жарнаны төлеу арқылы 12 жылға 3 жылдық үстемақымен алу мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа механизмге сәйкес 1 отбасы 1 пәтер сатып алуға құқылы. Төлеу мерзімі сатып алушының 70 жасқа келуімен шектеледі. Сатып алу-сату келісімшартының мерзімі аяқталғанға дейін сатып алынған пәтерді сатып алушы жыл сайын сақтандыру жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына алады. Көлік тұрағын алу бөліп төлеу механизміне енгізілмеген. 1 пәтер иесіне 2 көлік тұрағы беріледі.
«EXPO Residence» тұрғын үй кешенінен баспана алам деушілер бірқатар шарттарды орындауы қажет. Ең бастысы Digital Baiterek онлайн порталында өтініш беріп, таңдаған пәтерін брондау қажет. Төлем қабілеттігін растап, бастапқы жарнасын төлеп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ сатып алу-сату және кепіл жөнінде келісімшартқа отыру керек. Сондай-ақ (3 айлық төлем мөлшерінде кепілдік жарнасын салып), бөліп төлеу мерзімінде 1 айлық төлем мен баспананы сақтандыруы шарт.
Бүгінгі таңда «Бәйтерек девелопмент» АҚ «EXPO Residence» тұрғын үй кешенінде баспана алушыларға зор мүмкіндіктер қарастырылған. Соның ішінде пәтерлерді бұрын қолданыста болған механизмдер арқылысатып алуға болады. Яғни пәтерді қолма-қол ақшаға, екінші деңгейлі банктерден несиені рәсімдеу тәсілі арқылы ала алады. Сонымен қатар Қоғам пәтерлерді мемлекеттік «7-20-25», («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) «Өз үйім» мен («ҚИК» АҚ) «Орда» бағдарламалары арқылы да қол жеткізе алады.
ЭКСПО аумағында үй алам деуші азаматтардың төлем қабілеттілігін есептеу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ электронды порталы арқылы жүзеге асырылады. Төлем қабілеттілігін бағалау кезеңінен өту үшін өтініш беруші мен оның жұбайының электронды қолы болуы керек.
Сондай-ақ, әлеуетті сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін http://expo.bdevelopment.kz сайтында пәтер алушы бекітілген бағаға қатысты өзінінің қаржылық мүмкіндігін тексеруі үшін арнайы калькулятор орналастырылған.
«EXPO Residence» ТК бір-, екі-, үш- және төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Бір бөлмелі пәтерлердің шаршы метрі 39,6 -дан 51 ш.м. дейін, екі бөлмелі 57,1-ден 80,6 ш.м. дейін, үш бөлмелілер 81,1-ден 106 ш.м. дейін, ал төрт бөлмелілер 105 – ден 123,4 ш.м. дейін. Баспаналар ІІ санаттағы бизнес жайлылыққа сәйкес және таза әрлеу жүйесінде жүзеге асырылған. Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 тенгені, ал көлік тұрағы 735 000 теңгені құрайды.
«Байтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді сатуды жүзеге асыруда делдалдық қызмет түрлерін ұсынатын риэлторлық және өзге де ұйымдармен жұмыс істемейтіндігін хабарлайды. Сіздердің назарларыңызды «EXPO Residence» ТК сатып алу және ресімдеу кезіндегі барлық төлемдер екінші деңгейлі банктерге қолма-қол ақшасыз аударым арқылы жүзеге асырылатындығына аударамыз.
Егер де ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінде пәтер алу жөнінде сұрақтар туындап жатса,«Байтерек девелопмент» АҚ -на мына телефон нөмірлеріне +7 (7172) 578-177 и 8 800 080 01 01 (Call-орталығы) хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ — «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы – «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларының өтеуін төлеп алу жөніндегі бірыңғай қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырады.

Байланыс үшін:
Тулешова Дана Алданқызы +7 (7172) 769-563

0

142 тысяч счастливых квадратных метров жилья получили жители Талгарского района

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *