ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

ЕҢБЕКТЕН ЖИІРКЕНУДІҢ ЕШҚАНДАЙ ҚАЖЕТІ ЖОҚ


Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық. Аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық ардалгерлер ұйымы мен «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» техникалық колледжінде «Еңбек ерлікке бастайды» атты ардагерлер мен колледж студенттері арасында сыр-сұхбат өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада, аға буын жастарға патриоттық тәрбие, жалпы жастарды болашаққа дайындау, еңбекке баулу туралы баяндады.
Алдымен сөзді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә. Исаев сөз алды. «Қазіргі жастарға айтарым: Еңбек етуде жиіркенбеңіз-дер. Еңбекпен өмірлеріңіз өрге жүзеді. Мен осы ауданға қызмет еткелі міне, жарты ғасыр болды. Қызметтің барлық сатысынан өттім. Мен ешқашан өкінбеймін. Алғаш қолыма күректі Ащыбұлақ ауылдық округіндегі жүзім совхозынан жәй жұмысшы болып бастағам. Одан кейін бригадир болдым, тәуелсіздік жылдары округ әкімі болып істедім. Осының бәрі еңбекпен келді. Сіздерге қазір үкімет барлық жағдайды жасады. Енді оны игіліктеріңізге жұмсаңыздар» – деді.
Сыр-сұхбатта сөзді жалғастырған аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Нәдірбекова өз мамандығын қалай таңдағандығын айтты. Мамандық таңдауға үлкен мән беру керектігін ескертті.
Мамандықты дұрыс таңдау керек екенін ауданымыздың «Құрметті азаматы» Мейрамгүл Түйебайқызы да нақтылап айтты. «Мен аудандық кітапханада қырық жылға жуық басшылық еттім. Кітапты сақтап, халықтың ағартушылық жолына түсіру үшін ең үлкен абырой болды. Кітапханашы болу барлық мамандықты бірдей сүю» – деді.
Басқосуда келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында ауданда атқарылған жұмыстар мен еңсерілген істердің жай-жапсары пысықталды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданымызда 11 соғыс ардагері, 200-ге тарта тыл еңбеккері бар. Сонымен қатар округтерде ардагерлер кеңесі ұйымының бөлімдері жұмыс істейді. Жастарға дұрыс жол сілтеп, саналы тәрбие беруде алдыңғы толқын ағалар мен зиялы қауым өкілдерінің еңбегі зор.
Энергетик ауылдық округінің ардагерлер ұйымының мүшесі М.Сейдалиевте саналы тәрбие беру мен адал еңбек етуді жастардың бойына сіңіре білу керек, оның арнайы тәсілін де айтты. Ол, жастар кітап оқуды сүйсе, ертең қызметте де жолы болатынын дәлелдеп берді. Сондай-ақ сыр-сұхбат кездесуде аудан соғысының ардагері Б. Бесіров те жастардың дұрыс жолда жүріп, ел игілігіне қызмет ету керектігін айтты.
Кездесудің «Прогресс» техникалық колледжінде өтуі кездейсоқ емес. Бұл оқу орнында талай жастар әр түрлі техникалық салада білім алып, өмірдің даңғыл жолына түсіп жатыр. Кездесу барысында ардагерлер жасөспірімдерге отансүйгіштік пен елжандылық сынды ұғымдар жайында айтып қана қоймай, өмірдің қайнаған қазанында бастан өткерген оқиғаларын да ортаға салды. Өз кезегінде, осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығына сеп болары сөзсіз деген ой айтылды жиында.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

НУРОТАНОВЦЫ ВСТРЕЧАЮТСЯ С ТРУДОВЫМИ КОЛЛЕКТИВАМИ

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір отбасыға баспана берілді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *